Ләззат Танысбай Qazaqstan арнасының басшылығына келді
Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Qazaqstan ұлттық арнасының жаңа төрайымын таныстырды. Бұл қызметке Ләззат Танысбай келді, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы Дәурен Абаев Facebook желісінде мәлімдеді.
«Ләззат Мұратқызы белгілі журналист, телевизия саласының білікті маманы әрі табысты топ-менеджер екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер.
Ләззат Танысбай қазіргі уақытқа дейін қолға алынған іргелі шараларды одан әрі жалғастырып, корпорацияны жаңа деңгейге көтереді деп сенемін», - деп жазды министр.
Сонымен қатар Абаев Ерлан Қаринге алғыс білдіріп, жаңа қызметінде табыс тіледі. Еске сала кетсек, таяуда Қарин президенттің кеңесшісі атанған еді.
Ләззат Танысбай бұған дейін «Нұр-Медиа» холдингін басқарған.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы