Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы министр болуды армандап жүргенін айтты

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы лауазымды қызметке ауысып, өзін мазалағандарға заңның қалай жұмыс істейтінін көрсеткісі келетінін айтты.

19428946_1936734163274090_1617586358434398208_n

Сурет Ләйлә Сұлтанқызының жеке парақшасынан алынды

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше Ләйлә Сұлтанқызы “Балапан” телеарнасының басшысы қызметінен кетіп, оның орнын Жанар Шәмел басты. Осыдан кейін тележүргізуші балаларға арналған лагерь ашатынын мәлімдеген болатын. Енді, міне, лауазымды қызметтен дәметіп жүргенін сөз етті. Десе де, бұл тележүргізушінің әзілі болуы да ғажап емес.

“Шымкенттің ыстығына жұмыртқа қуыруға болады дейді. Өткенде Бибігүл Иманғазина апамыз эфирге хабарласып, “Сен қызды депутат қылуымыз керек, елбасына, басқаларға хат жазамын” дейді. Апам-ау, рақмет шынайы көңіліңізге! Жазсаңыз жазыңызшы, қанымды ішіп жүргендерге заңның қалай жұмыс істейтінін көрсетейін. А корпусы арқылы ма, қалай өзі жолы? Жаза отырыңыздар. Осы суретте депутат болсам, артынан министр болсам, сосын премьер болсам деп тұрған сəтім ғой”, – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

льол

Желі қолданушылары аталған жазбаның соңына тележүргізушінің депутат болуына тілектес екендерін жеткізді. “Депутат болуыңызға тілектеспін”, “2018 жылы сіз қызды боласыз”, “Әрине, сізге дауыс беруге болады”, “Депутат болсаңыз, болыңызшы. “Әйел бақытын” мен жүргізейін” деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмаханмен дуэт орындаған продюсер жұртты әдемі даусымен таңқалдырды (видео)

Әлемдегі танымал басылым қазақстандық данышпанның партитурасын шығарды

Қайрат Нұртас: Мені шетелдіктер де таниды. Сол үшін бай болып көрінуге тырысамын

Бекболат Тілеуханов: Лауазымды қызметті бақыт деп санайтындар бар

Талқылау