Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы “Әйел бақыты” бағдарламасының не себепті жабылғалы жатқанын түсіндірді

Тележүргізуші өзінің ең танымал “Әйел бақыты” атты бағдарламасының не себепті жабылайын деп жатқанын түсіндіруге тырысты.

21433360_1441783875937602_6729378703815475200_n

Сурет: Ләйлә Сұлтанқызының жеке парақшасынан

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

Ағымдағы жылдың маусым айында отандық БАҚ “Балапан” арнасының басшылығынан кеткен Ләйлә Сұлтанқызының бес жылдық қызметіне талдау жасаған болатын. Журналист Берік Мыңжасар Ләйлә Сұлтанқызын бес жыл ішінде “Балапан” арнасын отбасылық бизнесіне айналдырып алған деп айыптаған-ды. Бұдан кейін араға бірнеше ай салып тележүргізушінің “Әйел бақыты” атты танымал бағдарламасы жабылды. Ләйлә Сұлтанқызы аталған авторлық бағдарламасының не себепті жабылып жатқанын түсіндіруге тырысты.

“Құрметті қыз-келіншектер. Енді, көп жағдайда мені нəзік жандылар оқиды деп ойлағандықтан осылай жазып жатқаным ғой. Арасында жігіттерге де “Ассалаумағалейкум” деп қояйын. Амансыздар ма? Жағдай сұрамағалы көп болды… Бəрі дұрыс па? Көңіл-күйлеріңіз қалай? Үйде ауа-райы қалай? Мені іздеп, жағдай сұрап жатқандарыңызға көп рақмет. Бастысы, менде бəрі жақсы. Хабарымызды жапқанымыз да рас. Себебі, уақыты келген де шығар. 4-5 жыл деген ол аз емес. Демалатын (өзіңнен демалдыратын) сəт те керек. Астарынан басқа себеп іздеудің қажеті жоқ. Жаңа хабар? Əрине, болады. Ашамыз. Əзірге құпия бола тұрсын. Ұсыныстар жетерлік. 1 ай ішінде өзім хабарлаймын. Менімен осы уақытқа дейін жанымда болған сіздерге көп рақмет. Алғыстан басқа айтарым жоқ. Алар асуларымыз əлі алда @sultankyzyteam ұжымыммен”, – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Желі қолданушылары өз кезектерінде аталған бағдарламаны асыға күтетіндерін жазып жатты. “Қашан басталады “Әйел бақыты”? Қызым екеуіміз асыға күтіп жүрміз”, “Ләйлә ханым, ісіңізге береке берсін”, “Жаңа бағдарламаңызды асыға күтеміз”, “Әйел бақыты бағдарламасын қайта жаңалықтармен толтыра қайтадан көрсетіңдерші” деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртастың інісі әншілік қабілетімен таңғалдырды (видео)

Шетелде жүрген Бүркіт пен Аиша құйынды дауылдан аман қалды

Рахман Омардың жас әйелі: Өзге ұлт өкілдері сияқты күйеуімнің бірінші әйелімен жақсы араласқым келеді

Ерке Есмахан: Қайда барсам да, іштей болашақ жарымды іздеп жүретінім шындық

Талқылау