Ләйлә Сұлтанқызы: Менің суретіммен арықтау туралы жарнамалайтындардың бәрі алаяқтар
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзінің суреттерімен жарнамаланып жатқан түрлі биологиялық белсенді қоспалар мен арықтатуға арналған дәрілерге сенбеуге шақырды.
«Түрлі БАД-ты, дәріні жарнамалап жүргендердің бәрі алаяқтар! Мұны жаңалық, сенсация қылудың өзі ұят», – деп жазды ол желідегі парақшасында.
Сұлтанқызы артық салмақтан табиғи жолмен арылуға кеңес берді.
«Бірақ дұрыс тамақтану (ешқандай да диета емес), спорт (қатырам деп айта алмаймын), өзіңді сүю, өзіңді!» – деп жалғады сөзін тележүргізуші.
Сұлтанқызы 5 жыл ішінде адам танымастай өзгергенін суреттері арқылы көрсетті.
Соңғы жылдары елімізде өз тауарларын жарнамалау мақсатында олардың рұқсатынсыз танымал тұлғалардың есімін пайдалану жиілеп кеткен.
Жіберіп алмаңыз:
Тоқтар Серіков: Шетелдік әншілер Мейрамбегім мен Саятымнан артық емес
Анасы Қайрат Нұртастың бір кездері казино ойнағанын айтты
Жаманқұловтың жұбайы: Мұның бәрі кімнің тапсырысы екені белгілі
Қазақ қызы әйгілі Dolce&Gabbana көрсетіліміне қатысты (фото)