Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы ағылшын тілінде акцентпен ән айтқан Қайратты қолдады

Қайрат Нұртастың інісі Заңғармен бірге жарыққа шығарған “My Universe” әні желіде қызу талқыға түскен еді. Әсіресе, жастар қауымы ағылшын тіліндегі сөздердің айтылуында қателіктер кеткенін байқап, хитменді сынға алған болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ләйлә Сұлтанқызы ағылшын тілінде акцентпен ән айтқан Қайратты қолдады

Желіде аталған тақырыпқа қатысты әртүрлі әзіл-видеолар да тарап үлгерген. Әзірге Қайраттың өзі де, анасына да елдің сынына қатысты жауап берген жоқ.

Есесіне тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ондай жағдай тек қазақстандық емес, әлемге әйгілі әншілердің де басынан өткенін айтты. Ол ағылшынша әнді акцентпен орындаған Қайрат Нұртасқа қолдау білдірді.

“Бұл не қалжың, жап-жақсы #жөстмайөниверс әнін быт-шыт деу. Жарайды, акцент бар шығар, жарайды сіздерге Қайраттың ағылшынша айтқаны ұнамаған шығар, қараңыздаршы Тарканды түрікше акцентпен тыңдаймыз ғой, Арашты да, үндісті де, кәрісті де бәрін тыңдай береміз, ал Қайратты неге тыңдай алмаймыз? Менің ойымша, бұл тыңдарманның комплексі сияқты. Маған ұнайды, Қайрат жарайсың. Ағылшын тілінде альбомыңды шығаруыңа тілектеспін”, – деп пікірін білдірді ол.

Желідегілер арасында Сұлтанқызымен ойы бір жерден шыққан оқырмандар басым болып шықты.

“Шетелдер қазақтың əнін акцентпен айтады ғой. Оны неге көре алмай жатсыңдар?! Тура бір ағылшын тілін керемет айтатындай. Осы Қайратқа тиісе береді. Шаршатты уже, неше жыл болды, неменеге сол?! Болар елдің баласы бірін-бірі батырым дейді”, – деп жазды Назкен есімді оқырман.

Ал Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Заңғар Нұртас ағылшын – өз тілі емес екенін, сондықтан да акценті үшін жасқанбайтынын айтқан-ды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау