Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лайк үшін акулалармен суретке түскен инстаграм-модель қолынан айырыла жаздады (фото)

Калифорниялық инстаграм-модель Катарина Заруцкий оқырмандарын керемет суреттермен қуанту үшін акулалар жүрген қойнауға түскен. Бұл жыртқыштар адамдар үшін қауіпсіз болғанымен, Катаринаға келгенде жағдай басқаша болды.

Лайк үшін акулалармен суретке түскен инстаграм-модель қолынан айырыла жаздады

Акулалармен суретке түсіп, қолынан айырыла жаздаған бойжеткен туралы NBC News хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпарттық агенттігі.

Түсірілім кезіндегі суреттерімен бөліскен 19 жастағы модель өзіне акуланың баласының шабуылдағанын айтып, шағымданды. Жыртқыштармен түскен суреттің жақсы шыққаны сөзсіз, алайда бір өлімнен аман қалған бойжеткен жарақатын емдеу үшін айтарлықтай көп уақыт жоғалтты.

Лайк үшін акулалармен суретке түскен инстаграм-модель қолынан айырыла жаздады (фото)

Катарина Майами университетінде халықаралық сауда мен мейірбике мамандығы бойынша оқиды. 19 жастағы модель бос уақытында саяхатқа шығып тұрады.

Бойжеткен Багам аралдарына бір ай бұрын жігітімен және оның отбасымен демалуға барған. Сұлулығы көз тартарлық мұхитта демалу бойжеткенге аз көрініп, ол кішкентай акулалармен де суретке түсіргісі келді.

Лайк үшін акулалармен суретке түскен инстаграм-модель қолынан айырыла жаздады (фото)

Катарина бұл қадамға басқа модельдердің инстаграмға акулалармен түскен суретін жариялағанын көріп барып отыр. Кішкентай акулалардың адамдар үшін қауіпсіз екенін білген бойжеткен олармен суретке түскісі келді.

Лайк үшін акулалармен суретке түскен инстаграм-модель қолынан айырыла жаздады (фото)

Жігіттің ата-анасы Катаринаны ойынан қайтаруға тырысып еді, бірақ бойжеткен ешкімнің сөзіне құлақ аспады.

Лайк үшін акулалармен суретке түскен инстаграм-модель қолынан айырыла жаздады (фото)

Бастапқыда бәрі жақсы болды. Бойжеткен бірнеше суретке түсіп, ойға алған ісін жүзеге асырды. Бірақ, кенеттен акулалардың бірі Катаринаның қолынан тістеп, оны төменге қарай сүйреп әкеткен.

Лайк үшін акулалармен суретке түскен инстаграм-модель қолынан айырыла жаздады (фото)

«Акула менің білегімді бас салып еді, мен оның тістерінің денеме батқанын сездім»,- деді Катарина.

Лайк үшін акулалармен суретке түскен инстаграм-модель қолынан айырыла жаздады (фото)

Бірақ, бойжеткен өзін тістеген жыртқыштан қорықпай қолын бірден тартып үлгерген. Қолы жарақаттанған қыз басқа акулалар қанның иісін сезіп қоймасын деп жағаға қарай шығуға әрекет еткен. Акуланың жемтігіне айнала жаздаған Катарина оқиғадан кейін антибиотиктер қабылдып,  тиісті ем алды.

Лайк үшін акулалармен суретке түскен инстаграм-модель қолынан айырыла жаздады (фото)


Тағы оқыңыз >>>

Тынық мұхиты туралы қызықты мәліметтер

Талқылау