Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Латвияда қонақ үйден қарағандылық әйелдің мәйіті табылды

Ригадағы қонақ үйлердің бірінен 41 жастағы Қазақстан азаматшасы Елена Губинаның мәйіті табылды. Бұл туралы латвиялық БАҚ-тарға сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Латвияда қонақ үйден қарағандылық әйелдің мәйіті табылды

Трагедия Рига орталығында орналасқан «Metropole» қонақ үйінде 8 сәуір күні орын алған. Қазақстан азаматшасының мәйітін қонақ үй қызметкері тауып алған

Күдікті азамат қашып кетуге тырысқан. Полиция оны Мәскеуге ұшып кетуіне 40 минут қалғанда ұстап алды.

“Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер қонақ үй бөлмесінен әйелдің денесін тапты. Оны сол күні таңертең 1971 жылы туған азамат өлтірген болуы мүмкін. Күдікті көз жұмған әйелмен бірге аталған қонақ үйге тоқтаған. Азамат Латвиядан кеткелі жатыр деген ақпарат келіп жеткен соң, полицейлер жедел әуежайға жеткен. Күдікті ұсталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 116-бап бойынша, ол 2 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сараптама нәтижелері дайын болмаса да, полиция күдікті зардап шеккен азаматшаның күйеуі болуы мүмкін деп санайды”, – деп хабарланды vesti.lv сайтында.

ҚР сыртқы істер министрлігі зардап шеккен әйелдің Қазақстан азаматшасы екенін растады. Көз жұмған әйел бұған дейін Қарағандыда тұрып келген. Ал қаза болған әйелдің туыстары аталған жайтқа қатысты ешқандай пікір білдірмеді.

Оқи отырыңыз:
 
Талқылау