Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лас-Вегастағы атыстан аман қалған ерлі-зайыпты екі аптадан соң жол апатынан көз жұмды

Ерлі зайыпты Деннис пен Лорейн Карвер Лас-Вегаста болған атыстан аман қалған еді. Алайда екі аптадан соң жол апатынан мерт болды.

Лас-Вегастаға атыста 52 жастағы Деннис кеудесімен қалқалап әйелін қорғап қалған еді. Алайда 16 қазан күні жол апатында әйелін де, өзін де қорғай алмады.

Олар үйне жақын қалғанда темір қақпаға соғылып, қатты соққыдан көлігі өртеніп, соңында жарылған. Ерлі-зайыпты көліктен шығып үлгермеген.

Еске салсақ, 1 қазан күні 64 жастағы Стивен Пэддок атыс жасап, 59 адам қаза тауып, 500-ден астам жараланған еді. Бұл АҚШ тарихындағы ең қанды теракт ретінде аталды.

Тағы да оқыңыз:

iPhone Лас-Вегастағы атыс кезінде әйелді өлімнен қорғап қалды (фото)

Пәтер ішінен 7 адамның бөлшектелген денесі мен басы табылды

Қытайлық әйелдің мұрнына тіс өсіп кеткен

Талқылау