Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лас-Вегаста шәкіртімен жыныстық қатынасқа түскен мұғалім тұтқындалды

Лас-Вегас қаласындағы мектеп мұғалімін, кәмілетке толмаған оқушыларды сексуалдық тұрғыда азғырды деген айыппен тұтқындаған.

teacher27n-1-web

Полицияның хабарлауынша, 25 жастағы Джиллиан Лафейв 16 жастағы оқушыны жыныстық қатынасқа тартқан. Ал оқытушының өзі оқушымен арада қарым-қатынас болғанын мойындамай отыр.

Оқытушы мен оқушы арасында жазылған смс-хабарламалар да табылған. Екеуара диалог барысында эротикалық мағынадағы 13 мың хабарлама жазылған екен. Бұл жұп өздерін «мамасы» және «ұлы» деп айтатын болған.

Мектеп оқушысы әлеуметтік желіге мұғалімімен бірге түскен бірнеше суретті салып қойған екен. Ал тергеу барысында полицияға ол ұстазын жақсы көретінін айтқан. Бір қызығы, ағылшын тілінен сабақ беретін оқытушының жұмыс істейтін мектебінде, оның әкесі де денешынықтыру пәнінің ұстазы болып еңбек етеді екен.

«Бұл өте ауыр. Өйткені, балалар мектепте жүргенде олар қауіпсіз орында жүр деп ойлайсың», – дейді оқушының анасы Ракель Мартинес.

Оқытушыны 16 қаңтар күні қамауға алған. Ал осы іс бойынша сот отырысы наурыз айында өтпек.

Талқылау