Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Лақтырып жіберген шығар": Алматыда аула сыпырушы алтын сақина тауып алды

Алматыда аула сыпырушы Зүлфия Мунгатова арық ішін тазалап жүріп алтын сақина тауып алған. Құнды сыйлықты иесіне қайтаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz сайтына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Аула сыпырушы

Аумақты жинаумен айналысатын мердігер компанияның қызметкері Райымбек станциясындағы метроға кіре берістің жанында алтын әшекейді тауып алған.

"Түстен кейін біз бригадамен Райымбек даңғылындағы арықтарды тазалауға келдік. Бірнеше күннен бері күн жаңбырлы болып,арықтар жиі тазалаймыз. Қоқыс астында мен қорапты көріп, ашып қалсам ішінде сақина бар екен. Мүмкін, біреу жоғалтты, мүмкін, біреу ашуланды да лақтырып жіберген шығар мен білмеймін. Өзіміздің шеберге қоңырау шалып, ары қайрай не істейміз дегенде,"ғаламторға хабарландыру береміз" деп шештік, мүмкін, иесі табылып жатыр", - дейді Зульфия Мунгатова.

"Әрине, бізде жұмыс оңай емес, жалақы аз. Арық ішіне не түспейді дейсіз. Айтарым, ұрыспаңыздар, арықтарға қоқыс тазтамаңыздар. Қоқыс, бөтелкелер, памперстер тастап кеткеннен арықтар бітеліп қалады", - деп өз өтінішін жеткізді аула сыпырушы.

Зульфия Мунгатова "Қала Көркейту" ЖШС-да қызмет атқарғанына төрт жыл болған. Компания басшысы Самат Байжановтың айтуынша, ол өз жұмысын әрдайым адал атқарып келеді.

"Оның осы әрекеті үшін біз оған жалақы мөлшерінде сыйақы тағайындауды шештік. Менің ойымша, осылай әділ болады. Ал табылған затты 8 701 503-96-43 нөміріне қоңырау шалып, бағасын айтып, сатып алғандағы шегін көрсетіп қайта алып кетуіне болады (қорапта заттың салмағы және бағасы бар). Біз оны өз иесіне қайтарамыз", - деді Самат Байжанов.

Талқылау