Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуі көзіне шөп салған әйелінің үстіне қышқыл құйып, өлтіріп қойды

30 жастағы Шри-Ланка азаматы Біріккен Араб Әмірліктерінен қашып шықпақшы болған жерінен ұсталып қалды. Полиция ер азаматтан әйелінің өліміне қатысты жауап алуға тырысты. Қолға түскен соң есін жиған азамат болған жайды өз аузымен баяндап берді.

Бұл туралы newsru.com-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ер адам өзі Шри-Ланкада болған уақытта БАӘ-де қалған әйелінің күмәнді қылықтар жасай бастағанын айтты. Ол жарының желідегі жеке парақшасынан бөтен еркекпен түскен суретін байқап қалған.

Қызғаншақ азамат көп күтпестен Дубайға ұшып барған, бұл туралы әйеліне ескертпеген. Ол қонақүйге орналасып, опасыз әйелі мен оның көңілдесінен кек алмақ болған. Ақырында ол опасыз жұптың үстінен түсіп, екеуінің үстіне де қышқыл құйып жіберген. Денесі күйіп қалған 25 жастағы келіншек көз жұмды, ал оның 23 жастағы сүйіктісі интенсивті терапияда, қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.

Ал күдікті азамат қасақана адам өлтіргені үшін айыпталуда.

Жіберіп алмаңыз:

Арабтар енді ғарышы игеруге кірісті

Арзан сыйлықты менсінбей жылаған мұғалім жұмыстан қуылды

Ресейде оқушы қыз баллоннан шыққан газды жұтқаннан кейін көз жұмды

Жапониялық журналист көп жұмыс істеп қойғандықтан көз жұмды

Талқылау