Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеу жігітінің отбасы Айсәуле Бақытбекке сырға салды (видео)

Аша Матай отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті. Бүгін сіңлісі Айсәуле Бақытбекке сырға салып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Күйеу жігітінің отбасы Айсәуле Бақытбекке сырға салды (видео)

Қуанышты жаңалығын айтқан Аша Матай құдалықта отырған сәтінің видеосын жариялады.

«Бүгін Айсәулеміздің сырға салу рәсімі өтеді. Құдалықтамыз. Үйімізде осындай үлкен қуаныш болып жатыр», – дейді қуанышын жасыра алмаған әнші Instagram желісінің Stories-інде.

Артынша залға Айсәуле Бақытбекті кіндік анасы әрі танымал тележүргізуші Мәдина Балғабаева алып кірді.

Мұнан кейін Айсәулеге күйеу жігітінің туыстары сырға салды. Осы кезде бойжеткеннің жүзі бақыттан бал-бұл жанып тұрғаны байқалады.

Айта кетсек, Айсәуле Бақытбек таяуда болашақ енесін көрсеткен еді. Ол  еліміздің бас онкологі болып шықты.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау