Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күлекбаевпен кездескен сарапшы: ол тіпті намаз оқымайды

Сарапшылар алматылық террорист Руслан Күлекбаевтың діни себептерден теракт жасағанына күмән келтірді.

Безымянный

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Руслан Күлекбаев. Біз биыл ғана барып қайттық. Сәуір айында. Оны соншалықты дінге берілген деп айта алмаймын, тіпті намаз оқымайды. Дінге қатты сенетін адам деуге келмейді. Оны қылмысқа итермелеген себептер мүлдем бөлек. Иә, бір жерде идеологияны қабылдап, ықпалына түсті. Бірақ оның ұстанымын өзгерту әзірге мүмкін емес. Бес-алты жыл өткен соң, бәлкім, режим әсер ететін шығар, бірақ дәл қазір емес”, — деді “Ақниет” ақпараттық-насихаттаушы және реабилитация орталығы” қоғамдық қорының директоры Әлім Шәуметов Астанада БАҚ сұрақтарына жауап беріп.

Бір жыл бұрын 2016 жылы 18 шілдеде еліміздің халық ең тығыз қоныстанған қаласы — Алматыда болған террорлық акт барша жұртты есеңгіретті. Лаңкес Руслан Күлекбаев тоғыз адамды атып өлтірген болатын.

Оқи отырыңыз:

Ақсақал президент Назарбаевқа қалай сәйгүлік сыйлағанын айтып берді

Сыныптастарын ұрып, ұстазына қол көтерген оқушы диспансерге жатқызылды

Айгүл Болатханқызы: Біздегі бағдарламалар қазақты қайыршылыққа үйретіп жатқан сияқты

Ақтөбелік мүгедек бала әлеуметтік желі арқылы бизнесін дөңгелетіп отыр

Талқылау