Қызым қолына бір уыс жусан қысып алған: Талдықорғанда биіктіктен құлап мерт болған қыздың анасы мән-жайды айтты

Талдықорғанда 9-қабаттан секіріп мерт болды делінген, букмекерлік кеңседе істеген 19 жастағы бойжеткеннің өліміне қатысты марқұмның анасы алғаш рет тілшілерге сұхбат берді. Қайғыдан қан жұтқан келіншек мұндай қадамға тергеушілердің салғырттығы итермеледі деп отыр.

Көкірегі қақ айырылған әйел қызының құрылысы аяқталмаған көпқабатты нысаннан секіріп, өз өмірін өзі қиғанына сенбейді. Тергеушілердің бұл уәжімен мүлдем келіспейтінін айтты, деп хабарлайды Евразия.

“Ең ауыры баламның неден мерт болғанын білмеуім. Адам ауырып көз жұмса, басқа да жағдай болса түсінікті. Ал мен неден көз жұмғанын да білмей отырмын» – дейді марқұм Айдана Құрманғалиеваның анасы Ғалия Құрманғалиева.

Шілде айында 19 жастағы қызынан айрылған Ғалия Құрманғалиева қайғыдан енді ғана ес жиғанын айтады. БАҚ өкілдеріне кеп, қызымың өліміне қатысты мәселе көтерем деп ойламадым, дейді. Мұндай қадамға баруға істі сағызша созып келе жатқан Талдықорған тергеушілерінің салғырттығы итермелеген екен. Қайғыдан қан жұтқан ана үшін өмірге құштар болған қызының не себепті өзіне қол салғаны әлі де жұмбақ күйінде қалып отыр.

«Осы уақытқа дейін тергеушілердің әрекетсіз отырғанына қайран қалдым. Тек көзбояшылықпен айналысып жатқан сияқты көрінеді. Ешқандай сұрақтарға жауап бермейді. Шынымды айтсам, маған қанша ауыр тисе де қызымның мәйітін қайта қазып, қосымша сараптама тағайындауын қалаймын. Себебі, іспен айналысып жатқан тергеушілерге де, олардың шығарған шешіміне де сенбеймін» – дейді марқұм Айдана Құрманғалиеваның анасы Ғалия Құрманғалиева.

Марқұмның анасы үшін тергеу амалдарына сенбейтін себеп көп. Мәселен, полицейлер Айдана Құрманғалиева мерт болған күні-ақ, істі жан-жақты қарамай жатып марқұм өзіне қол салды деген қорытындыға келген екен. Ал, мұндай шешімге негіз болуы тиіс сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бір жарым айдан соң шыққан. Дәрігерлердің ұйғарымы бойынша Айдана 9-қабаттан секірген. Алайда, құлаған жерде емес басқа нысанда жан тапсыруы мүмкін деген шешім күмәнді, дейді марқұмның анасы. Ал, Айдана көз жұмғаннан кейін оның әлеуметтік желідегі парақшасына белгісіз біреулер кірген екен.

«Оның аккаунтына, әлеуметтік желідегі парақшасына кіру кімге керек болды? Егер полицейлер қараған болса біз ол жайлы білер едік. Басқа біреулер кірген. Мұнда бір кілтипан бар» – дейді марқұм Айдана Құрманғалиеваның анасы Ғалия Құрманғалиева.

Тергеу материалында қайғылы оқиға болған күні Айдана өзі жұмыс істеген букмекерлік кеңсенің кассасынан 98 мың теңге алғаны көрсетілген. Алайда, өзіне қол салуға аталған мәселе себеп болды дегенге марқұмның анасы сенбейді. Тергеу ісіндегі айғақ заттар, яғни, марқұмның велосипеді мен оның аталған нысанға қалай жеткені туралы бейнебақылау жазбасы әлі күнге дейін жапа шегуші тарапқа көрсетілмеген екен. Ал, облыстық тергеу басқармасы істі қатаң бақылауға алғандарын айтады.

«Осы факті бойынша тағайындалған бірқатар сараптаманың қорытындысы алынды. Дегенмен, істі жан жақты қарастыру мақсатында тағайындалған қосымша сараптамалар бар. Қазіргі таңда оның қорытындыларын күтіп отырмыз. Осы сараптамалардың қорытындылары толық жинақталғаннан кейін нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады» – дейді Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Серік Упиев.

9-қабаттан секірген Айдананың сырт киімін шешіп, алақанына бір уыс жусан қысқаны марқұмның туғандары үшін әлі де жұмбақ күйінде қалып отыр. Ал, бұл 20 жылға жуық құрылысы аяқталмай тұрған нысанындағы тіркелген мұндай алғашқы оқиға емес. Осыған дейін аталған ғимараттан 10-сынып оқушысы селфи жасамақ боп 10-қабатынан құлап, мерт болған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар