Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалықтар тозығы жеткен кент әкімдігі ғимаратынан ұялып жүр (фото)

Қызылорда облысы Жалағаш кентінің қызметкерлері әлі күнге дейін Жаңа жыл мен Наурызды тойлап жүргендей,-деп жазды Stan.kz  сайтының өңірдегі тілшісі.

Қыз1

Бұлай деуімізге әкімдік ғимаратында күні бүгінге дейін ілініп тұрған шырша мен ою-өрнек себеп. Кент халқын  құлау алдында тұрған ғимарат қана емес, шілденің ыстығында мемлекеттік мекеме ғимаратында ілулі тұрған шырша ашуландырған.

«Кент әкімдігіне күнделікті көптеген адамдар келеді. Сырттан келіп жатқан қонақтар да бар. Ғимаратымыздың түрі болса мынау.  Сыртынан қараса тура бір иесіз қалған үйлерге түрлі қоқысты жинап алып, қаңғыбастар кіріп алған сияқты.

қыз2

Ең болмағанда маңдайшасында ілініп тұрған шырша мен ою-өрнекті алып тастаса қайтеді. Жаңа жыл мен Наурыздың өтіп кеткені қашан. Нысан онсызда ескі.

Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, халықтың келетін жерін ретке келтірсе болады ғой. Кентіміздің жағдайын сылағы құлап, шатыры жарылып жатқан әкімдігімізден білеберіңіздер. Дамыған елдің айнасы – бұл», – дейді Мұқан есімді азамат.

Расымен кент әкімдігі жайғасқан ғимарат өте ескі. Қабырғалары қисайып, іргетасы шөгіп кеткен. Шатырында ақау пайда болғанын да байқауға болады.

Аталмыш мәселе бойынша, кент әкімінің жұмыс телефонына бірнеше мәрте хабарласқан болатынбыз. Алайда, шенеунікпен сөйлесу мүмкін болмады. Есесіне, әкімдіктің бас маманы бұл сұраққа жауап беруден түбегейлі бас тартты.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбелік мамандар шұжықтан адам етінің тіні табылған соң жемеуге кеңес берді

2 тәулікке 102 мың теңге: Нұрлан Әлімжан Астана әуежайының автотұрақ бағасын сынады (видео)

Талқылау