Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалық жасөспірім Ләйлә Сұлтанқызына гитарада ойнауды үйретті (видео)

Қызылорда қаласының тумасы гитарада ойнаған әндерімен жұртты тәнті етті. Мұнымен қатар, ол тікелей эфирде Ләйлә Сұлтанқызына гитарада ойнауды үйретті.

ву

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

Айбек Жағыпар 13 жаста. Ол гитарада ойнауды осыдан екі жыл бұрын ғана қолға алған екен. Жас әнші тікелей эфирде Ләйлә Сұлтанқызына гитарада ойнауды үйретті. Мұнымен қатар, танымал әндерден попури орындады. Ол бағдарламаға Қызылорда қаласынан арнайы келген-ді.

«Маған гитарада ойнауды Мүслімов Мақсат үйретті. Ол кісі менің туысқан ағам болып келеді. Жалпы Мақсат, Бекбол, Мұхитдин ағаларым өнерге баулып жүр. Бірінші жоғарғы жағын басуды үйреніп алу қажет. Мен өзім гитараны екі аптада үйрендім. Сізге қанша уақыт қажет екенін білмеймін. Барлығы өзіңізге байланысты», – дейді Айбек.

Айбектің әндерін бүгінде достары ғана емес, барша қазақстандық тыңдайтын болған. Оның әлеуметтік желідегі парақшасындағы видеоларын бірнеше мың адам қарап үлгерген.


Жіберіп алмаңыз:

Әкесін туған күнімен құттықтаған Мейрамбек Бесбаев көптің жүрегін елжіретті (фото)

Мейрамбек Бесбаевтың жаңа образы тыңдармандарына ұнамай қалды (фото)

Көңілдесті сомдаған актриса: Жұрт мені көшеде ұстап алып ұрсады

Тұрсынғали Алагөзов әйелімен қайта татуласпақшы

Талқылау