Қызылордалық шемішкенің қабығы үшін күйеуін пышақтап өлтірді

Сәрсенбі, 22 Маусым , 2016 12:28

Ерлі-зайыптылардың тазалыққа деген талабынан дау туындап, соңы адам өлімімен аяқталды.

семішке

Әйелі мен күйеуі аулада семішке шағып отырған. Келіншек орнынан тұрып баражатып шемішкенің қабығын шашып алады. Күйеуінің семішке қабығын жина деген ескертуіне құлақ аспаған келіншек үйге кіріп кеткен. Отағасы әйеліне дегенін істету үшін ізінен келіп, оны дауыс көтеріп ұрыса бастаған. Ашуланған келіншек ас үй пышағын күйеуінің кеудесіне сұғып алып, ол сол жерде қайтыс болып кетеді.

Қызылорда облысындағы ауданаралық мамандандырылған сот істі қарап, әйелге 10 жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған.  Келіншек жалпы режимдегі түзету мекемесінде жазасын өтейтін болады. Сот үкімі қазірге заңды күшіне енген жоқ.

Бұл отбасында кәмелет жасына толмаған екі бала ата-ана қамқорлығынсыз қалды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар