Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалық хабарландыру сайты арқылы жасөспірімді тонаған

Қызылордалық екі жасөспірім  кәмелет жасына толмаған баланы алдап, ұрып-соққаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

хабарландыру

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

Қызылорда облысы аудан аралық мамандандырылған соты кәмелет жасына толмаған баланың мүлкін тартып алмақшы болған екі жасөспірімге қатысты істі қарады.

Сот баспасөз қызметінің хабарлауынша  екі жасөспірім хабарландыру сайты арқылы өздеріне таныс емес кәмелет жасына толмаған баламен хабарласқан. Онда жігіт қымбат телефонын сатуға қойған екен. Сөйлескен үшеу кездесетін орын мен уақытын белгілейді.  Ол жерде екі жігіт»сатушыдан» телефонды көрсетуін сұрайды. Осы кезде ойлары бұзылған сатып алушылардың бірі жерде жатқан шегені алып, телефон иесінің кеудесі мен арқа тұсына екі мәрте тығып алады. Екі жігіт телефонды алып, иесін ұрып оқиға орнынан қашып кеткен.

Сот телефон иесіне шеге сұғып алған жігітке қатысты үш жылға бас бостандығын шектеу үкімін шығарған. Ал оның сыбайласын үш жылға құқықтық бақылауға алу туралы үкім оқыған.

 

 

Талқылау