Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қызылордалық әйел таныстарын мектепке еден жуушы ретінде жұмысқа тұрғызу үшін 865 мың теңге сұраған
Қызылорда облыстық соты 3 танысына мектепке еден жуушы ретінде жұмысқа тұрғызу туралы уәде беріп, қомақты қаражат талап еткен әйелге қатысты үкім шығарды.
Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Аталған іс Қазалы аудандық сотында қаралған. Әйел таныстарына оларды кез-келген жергілікті мектепке еден жуушы етіп тұрғызатынын айтып, уәде берген. Ал өз қызметі үшін таныстарынан жалпы сомасы 865 мың теңге алған. Алайда ол өзінің уәдесін орындамапты.
Сот сотталушыны «Алаяқтық» бабы бойынша кінәлі деп тауып, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар әйелдің мүлкін тәркілеу және пробациялық бақылауға алу туралы үкім шығарды.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін, ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысында еден жуушы болып жұмысқа орналасу үшін де пара беру керек екенін айтып, сынаған еді.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ