Қызылордадағы атыс: Студенттің өлімі үшін екі адам жазаланды
Қызылордадға атыс үстінде жараланып көз жұмған студенттің өліміне қатысты кінәлілер сотталды, деп жазады Stan.kz.
Қызылордада атыс кезінде жараланған медициналық колледждің үшінші курс студенті ауруханада көз жұмды. Студентті аман алып қалу мүмкін болмады.
Қызылорда қалалық сотында студенттің өліміне қатысты екі адам айыпталды.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 наурыз күні студент қала ортасында жараланып, ауруханаға түскен еді. Сол күні екі күдікті ұсталды. Тергеу жүріп, қылмыстық іс сотқа жіберілді. Қызылорда қаласының сот шешіміне сәйкес, айыпталушы Мадияр Жұмабай 9 жылға сотталды. Екінші айыпталушы Серік Сағынбек 5 жылға шартты түрде сотталды. Ол қатаң бақылауда болады.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау

Қоғам белсендісі Алматы көшелеріне төселген брусчатканың жеке қолға сатылып жатқанын әшкереледі: Алайда әкімдік олардың мұқтаж отбасыға берілгенін айтып отыр
Санжар Боқаевтың айтуынша, әкелінген брусчатка мүлде бүлінбеген, тіпті жаңа күйінде болған

"Қайыққа міну құны 15 мың, сайтта 5 мың теңге": Көлсай көлдерінде қызмет құны неге ресми бағадан жоғары
Министрлік Көлсайда көрсетілетін қызметтің бағаларын реттемейді екен