Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада жезөкшелердің қызмет ақысы қымбаттады

Қызылордада азық-түлік бағаларымен қатар, жеңіл жүрісті қыздардың қызмет құны да қымбаттаған. Енді жезөкшелермен көңіл көтергісі келетін серілер, әдеттегіден көбірек шығынданатын болды.

Бұл туралы Stan.kz сайтының редакциясына Әділет есімді қала тұрғыны айтып берді.

Жасыратыны жоқ, Қызылордада түнгі көбелектердің қызметіне жүгінетіндер жетерлік. Олардың қатарында бозбала жігіттермен қатар қырықты алқымдаған ер кісілер де бар. Қоғамдық статусына қарай элиталы жезөкшелер де жұмыс жасайды. Аты айтып тұрғандай, бұл бикештер кез-келген адамның қойнына жата салмайды. Қомақты қаражаты бар тұрақты «клиенттерге» қызмет көрсетеді.

«Жігіт болған соң, арасында көңіл көтергің келеді. Достармен басымыз қосылғанда, түнгі көбелектерді аралап кететініміз рас. «Элиталы» қыздарға қаражат жетпейді әрине. Сол себепті саунаға бас сұғатынбыз.

Бұл жерде «администратор» тәтейлер қалаған қызыңды жеткізіп береді. Бұрын «классикалық» секс түріне 5-7 мың теңгеден төлесек, қазір 10 мың теңге болмаса ешкім келіспейтін болған. Ал, жыныстық қатынастың басқа түрлері тіптен, қымбат. «Сүйіктіңмен» пәтерге барғың келсе, қалтаңда кемінде 20 мың теңгеден кем ақшаң болмауы тиіс. Бұл сомаға мүшеқап пен тамаққа жұмсайтын қаражатты қосыңыз», – дейді Әділет.

Жас жігіттің ақпаратын тексеру мақсатында қалада орналасқан бірнеше «сауда нүктелеріне» барған болатынбыз. Түнгі көбелектерді әсіресе «Универсам», «Ақмешіт» және «Мерей» мөлтек аудандарынан көптеп кездестіруге болады.

Жас қыздардың бірін сөзге тартқан әріптесіміз жеңіл жүрісті бойжеткендер бағаларының расымен қымбаттағанына көз жеткізіп қайтты.

«Енді қазір бәрі қымбат қой. Тәуліктік пәтерлер баяғыдай арзан емес. Бір түнде бірнеше клиенттерге қызмет көрсетпесек, ақша жетпейді. Сауналарға барған бұрынғыдай тиімді емес. Онсыз да олардың бағалары қымбат.

Бәрі қымбаттап жатыр ғой. Бұрыңғы бағамен жұмыс жасасақ, күн көрісімізге жетпейді», – деп ағынан жарылған бойжеткен 5 мың теңгеге пәтерге барып, қызмет көрсетуден бас тартты.

Осыдан біршама уақыт бұрын қаржы дағдарысынан қызылордалық жезөкшелер қызмет құнын арзандатқан болатын. Сол кезде көптеген қыздар көрші қалаларға «жұмысын» ауыстырған еді.

Қазір бұл бойжеткендер қайтадан туған қалаларына оралып жатқан көрінеді. Ал өңір тұрғындары арасында  жезөкшелер жайлы сөйлесу қарапайым базардағы тауарларды талқылағанмен бірдей сияқты.

 

 

Талқылау