Азалы отбасына жалданып жоқтау айтуды кәсіпке айналдырған ананың әңгімесі

Сейсенбі, 9 Ақпан , 2016 14:27

Жасыратыны жоқ, қазіргі қоғамда өзге біреудің қайғысынан пайда тауып, қалтасын қалыңдататындардың қатары көбейіп келеді. Бұл «кәсіпкерлер» көпшілік арасында жалданып жоқтау айтушылар деген атқа ие болып жүр. Естігеннің төбе шашын тік тұрғызатын «мамандардың» күн санап қатары артып келе жатқандығы жұрттың жағасын ұстатуда.

жоқтау

STAN.KZ сайтының Қызылордадағы тілшісі «жалдамалы кісі жоқтаушылармен» ашық сөйлесіп жұмыстары жайлы білген еді.

Шындық қаншалықты ащы болса да, бұл жиі кездесетін, тіпті үйреншікті құбылысқа айналды.

Осыдан бірнеше жыл бұрын жалданып жоқтау айтушылар Қазақстанның солтүстігінде көптеп кездессе, қазір бұл кәсіпті меңгеріп жатқандардың арасында кейбір қызылордалық қариялар да бар. Солардың бірі – 54 жастағы Зәуреш Әбділда. Екі ұлы алғашында анасының жоқтау айтып ел аралап кетуіне қарсы болыпты. Зәуреш ананың айтуынша қазір үйреніп қалған.

«Менің атам да, әкем де молда болған кісілер. Олар діни тұрғыдан өте сауатты болды. Содан болу керек, қазақи салт-дәстүрлерді жақсы білемін. Бата беруді, жар-жарды әндетіп салуды, жоқтау айтуды бала кезімде үйренгенмін»,-дейді Зәуреш Әбділда.

Әңгімесін осылай бастаған Зәуреш апа қазір жоқтау айтушыларға сұраныстың көп екенін мойындады. Бірақ бұл кісілердің тамадалар мен әнші-бишілерден айырмашылығы, олар тапсырыс берушілерді іздемейді екен. Үйінде кісі қайтыс болған адамдар жарнамасыз-ақ тауып келетінін айтады.

«Көбіне жоқтау айтып беруімді өтініп, өзге облыстардың тұрғындары іздеп келеді. Оның ішінде Ақтөбе, Петропавл мен Павлодардан сұраныстар көп. Мүмкіндігім болса, барып келуге тырысамын. Бүгінгі қоғамда жоқтау айтушыларға қалыптасқан пікір дұрыс емес деп ойлаймын. Ақшаға тіреліп қалған ештеңе жоқ. Кейде бас тартсам, ренжіп кетеді. Ондай кездері басқа қарияларға жөн сілтеймін», – дейді Зәуреш Әбділда.

Ақ жаулықты ана Қызылордада күн санап жалданып жоқтау айтушылардың қатары артып келе жатқанын айтады. Қызметтеріне сұрайтын ақылары да әртүрлі екен.

«Өз басым, пәленбай мың төлейсің деп айтып көрген емеспін. Бергенін аламын. Көбіне он мыңнан жиырма мың аралығында төлейді. Ал, алыс облыстарға барсақ, көбірек береді. Кейбіреулерінің ақша беруге мүмкіндіктрі болмаса, ормал тағады. Оған да қанағат», – дейді Зәуреш апа.

Зәуреш Әбділданың негізгі мамандығы – аспаз. Тойларға палау пісіріп, ет асып нәпақа тапқан кездері де болыпты. Бірақ кейін денсаулығы сыр берген. Бастапқыда балалары мен жақын туыстары қарсы болыпты. Зәуреш апа кісі қайтқан үйден келгеннен кейін біраз күн төсек тартып қалатынын айтады. . Әсіресе, жас өлім қиынға соғады екен.

Қоғам қаншалықты қарсылық білдіргенімен, жалданып жоқтау айту күнделікті өмірімізге сіңісіп келеді. Алайда, дін қызметкерлері бұл құбылыстың мұсылмандыққа жат екенін айтып, дабыл қағуда.

«Халық арасында ақылы жоқтау айтушылар туралы естіп жатамыз. Яғни, өлікті жоқтап беретін, жоқтау айтатын арнайы адамдардың болатыны. Бұл дұрыс емес. Өйткенi Пайғамбарымыз (с.ғ.с) имам әл-Бухари мен Муслим (р.а.) риуаят еткен хадис шәріпiнде:

“Бiреу қайтыс болғанда бетiн ұрғылап, тырнап, үстiндегi киiмiн жыртып және надандарша айқайлап жылаған адам бiзден емес”, – деген.

Ал, өзіне қатысы жоқ адамды жоқтауға жалданып, мұндай тірлік көрсету тіпті әртістердің әрекетіндей ерсі көрінері анық. Қайтыс болған кісінің артынан жоқтау айтқанның орнына ол кісінің атынан, мүмкін болса, садақа беріп, Құран оқытқан сауап болады», – дейді Қызылорда қаласындағы Айтбай мешітінің бас имамы Нұржан Керімбеов.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

14
Комментариев

Пікір қалдыру


Жұмбақ жан
11 ай 5 күні кері
Казактардын мусылмандыкка отпей турганда оздеринин салт-дэстури болган.сонын ишинде кыз узатканда айтылатын сынсу,туыстары олгенде жоктау дегендерге адам жалдайтын.ол дэстурлер умытылып кетти десе де болады. Бирак биз мусылман екенбиз деп оз салт-дэстурлеризди,одан калса улттык киимимизди де умытып мусылманша деп араптардын кебинин кигендерди де корип журмиз.жоктау айтуга адам жалдаганда турган ештене жок,ол ежелги нагыз казактын салт-дэстурине жатады.мен кишкентай кезимде бир коршинин акеси кайтыс болып балалары ,айелдери мен келиндери дауыстап жылай алмай отырганын корген бир кемпир “байгустын издеушилери де жок екен гой” деп айтканын естигенмин.сонда балалыкпен онша конил аударган жокпын.Кеиндери шешем коп ауыратын болганда есиме тусип сураганымда ,дауысынды шыгарып жоктау айтпасан ел куледи,байкустар кутылганына… Read more »
Жұмбақ жан
11 ай 5 күні кері

Жоктау айтылса да айтылмасада не озгереди?!Ештене. Керемет жоктау айтылды деп олген адам тирилип келсе екен. Оз кандастары мен туыстары шын ниетимен жаным ай деп жылаганнын ози жалданып коркемсозбен жоктаганнан миллион есе артык емес пе!? Кай олим болган жагдай да ла Алла улык. Оган шукир айтылуы керек деп ойлаймын оз басым

Жұмбақ жан
11 ай 5 күні кері

Дурыс емес,бул адамдарды токтату керек,жалданушылардыда жалдаушылардыда токтату керек,ей адамдар ненин дурыс,ненин бурыс екенин билмей аздындарау

Жұмбақ жан
11 ай 6 күні кері

Маскара.естимеген елде коп деген осы шыгар.Мен жыламайм,мен ушин сен жылап берш дегендей гой….

Маке
11 ай 6 күні кері

Мундай сумдыкта болады екен. Жалдаган Адам оз туысына Жаны ауырмай ма? Ози шамасы кегенше жоктаса болмас па? Акырзаман гой

Жұмбақ жан
11 ай 6 күні кері
Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең деп Ұлы Абай бекер айтқан жоқ қой,Дін Ислам бізге келіп енгенінде ешбір салт-дəстүрімізге тиіспеген сақталған екен, ал қазіргі діндарлар оның ішінде шала сауаттылары деп білем , өздерінше оғаштық тауып жатады əр нарсемізден. Сол заманда Пайғамбарымыз С.А.С өзі ешбір салт-дəстүр жоралғыларымызға қарсы келмеу керектігін мəлім еткендігін естіген едім,үлкендерден. Басқа ұлттар қылыштың жүзінде өткенде,ең бейбіт жолмен өте салған нағыз сарабдал бабалар сұңғыла болған ғой. Ал қазір беташарымызды да болмайд ондай иілген мұсылмандықта деп шығарушылар да бар.Бəрін көріп жүрміз. Айтып қояйын біз Қазақ осы салт-дəстүр, ғұрпымызбен ғана Қазақ боп қаламыз. Жоқтау жəй соның… Read more »
Жұмбақ жан
11 ай 6 күні кері

Сұмдық екен , емтимеген елде көп деген осы ау.

Жұмбақ жан
11 ай 6 күні кері

Бұрынғы ата бабамыздан қалған болу керек шешеміз айтатын мықты ақынға сөзін жазғызып ауқатты адамдар туыстарына дауыс айтқызған, сол үшін қос атпен алыс болса да даусы бар келіншектерді сый сияпатын жасап жалдауға алғызған

Жұмбақ жан
11 ай 6 күні кері

Ақтөбе облысында бір апа болды. Ауылдан көшіп барды облыс орталығына. Жоқтауға жалданды. Екі баласы жол апатынан қайтты. Артынан өзі де қайтыс болды.

жаке
11 ай 6 күні кері

Ата_бабадан жалғасып келе жатқан дастүр жоқтау айтуды дұрыс деп білемін. Əсіресе танымал, Елге сйлы адамдар үшін аса қажет.

жанашыр
11 ай 6 күні кері

Ағайын туыс жакындарының жоқтау айтқаны дұрыс. Каралы қауымга актерлық шеберлигин көрсету орынсыз.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
16.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар