Қызылордада полицейлер “телефон ұрладың” деп оқушыны алып кетіп, іздеп барған әпкесін қамап тастаған

Сейсенбі, 22 Тамыз , 2017 11:48

Үш тәуліктен бері қызының өлі-тірісін біле алмай отырған ана ішкі істер министрінен көмек сұрайды. Өткен аптада Қызылорда қаласының тұрғыны Ршауова Нұргүлдің 15 жастағы ұлын полиция қызметкерлері ұялы “телефон ұрлады” деген күдікпен учаскелік бекетке апарып қамаған.

xlarge

 

Інісіне араша түспек болып артынан барған Назерке есімді әпкесін де тәртіп сақшылары уақытша ұстау абақтысына қамап тастапты. Алайда, “ұрлық жасады” деп ұсталған оқушыны полицейлер дәлел болмағандықтан босатып жіберген көрінеді. Ал Ршауова Нұргүлдің қызы Назерке болса әлі де қамауда жатыр, деп хабарлайды Евразия арнасы.

Оқиға 17 тамыз күні көпқабатты үйдің алдында болған. Аулада достарымен отырған 15 жасар Ердаулетке полиция қызметкерлері келіп, ұялы телефон ұрладың деген кінә артқан.

«Дәлеліміз бар деді, камераға түсіп қалғансындар деді. Сосын бізді опорныйға апарды. Бірақ ол жақта дәлел болған жоқ. Тәтем мені алып кетуге келген, тәтемді қамап тастады» – оқушы Ердәулет Ршауов.

Бұл видеоны полиция қызметкерлерінің бассыздығына куә болған жасөпірімнің екінші әпкесі Перизат жасырын түрде барлығын ұялы телефонына түсіріп алған. Одан Ердаулеттің әпкесі Назеркенің полиция учаскелік бекетінің еденінде қолы қайырылып жатқанын байқауға болады.

«Інімізді алып кетуге келген тәтемізді полиция қызметкерлері ұрып-соғып, талдыртып, бетіне кір суды шашып, білгендерін істеп отыр. Тәтеміздің аман-сау екенін біле алмай отырмыз. Барсақ көрсетпейді тәтемізді» – дейді Ердәулеттің әпкесі Перизат Өмірсерік.

Ал, қызының амандығына көз жеткізе алмай отырған ана не істерін білмей дал. Айтуынша көмек сұрап құзырлы органдарға да барыпты.

«ДВД-ға арыз жаздым ол жақтан еш көмек болмады. Одан қалалық прокуратураға бардым, одан да көмек болмаған соң областық прокуратураға бардым. Видеосын апарып, жағдайымды айтып көмектесіңдерші деп едім, олар мазақ қылғандай жәшікке салыңыз, жәшіктен алармыз, кейін көрерміз деп тіпті қабылдамады. Даже қарағы да келмеді. Мен ішкі істер министрінен көмек сұрағым келіп тұр көмек. Өтініш көмектесіңізші» – анасы Нұргүл Ршауова.

Дегенмен жергілікті полиция қызметі басшысының айтар уәжі басқа: Назерке Өмірсерік заңға бағынбаған көрінеді.

«Бет алды айқай шу шығарып, мемлекеттік мүлікті сындырып және учаскелік полицейге қарсылық көрсетіп, билік өкіліне бағынбай қарсылық көрсеткені үшін дәлелді құжаттар алынып, бейнекамераға түсіріліп, істеген әрекеті заңсыз болғандықтан ҚК-тің 380-бабының І бөлігімен дәлелденіп, қазір қамауда уақытша ұстау абақтысында» – дейді қалалық ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы Ермек Құдайбергенов.

Ендігіде Назеркенің тағдырын сот шешпек дейді тәртіп сақшылары. Заң бұзды деген бойжеткенге екі ай қамау шарасы қолданылуы немесе айыппұл салыну мүмкін. Ал, туыстары мұнымен келіспейді. Үш баланың анасы жоғарғы инстанциялардан әділдік іздемек.

Тағы да оқыңыз:

Шымкентте құлдықта болған бойжеткен құтқарылды

Шымкентте перзентхана қызметкерлері шетінеген шақалақтың ата-анасына басқа баланың мүрдесін беріп жіберген

Астанада аялдамаға «Қазақтарды итше өлтіру керек» деп жазып кеткендер жұрттың ашуын келтірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар