Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қызылордада өрт салдарынан үш баласынан айырылған ана өзіне үй берілгенін жоққа шығарды (видео)
Астанада бір отбасы өрт салдарынан бес қызынан айырылса, осыдан бір ай бұрын қызылордалық отбасы 3 ұлынан айырылып қалған. Белгілі болғандай, үшеуі де иіс тиіп қайтыс болыпты. Қайғылы жағдайдан кейін марқұмдардың анасы видеоүндеу жолдап, отбасына көрсетілген көмек туралы мәліметтердің жалған екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Оқиға 9 қаңтарда Қызылорда облысы Махамбет аулына қарасты Наурыз саяжайында орын алған. Өрт салдарынан бір үйдің 3 баласы иіс тиіп қайтыс болыпты.
Журналист Бибігүл Дәулетбектің айтуынша, өрттен үйсіз қалған отбасыға жергілікті әкімдік 100 мың теңге ұсыныпты. Бүгінде олар ағайындарының үйін паналап отыр.
«Астанадағы 5 қызғалдақтың ерте солғанын білдік. Ал мына үш бәйтерегімізді неге білмедік?! Енді тағы қанша бала өлу керек?! Қызылорда облысы әкімі бұл 3 баланың өлгенінен xабардар ма? Неге қаралы күн жарияламады сол күні?! Үш бүлдіршіннің көкке ұшқанын мен бүгін ғана білдім… Жүрегім қарс айрылуда… Өзіміздің қарадомалақ балаларымыз, өзіміздің қанымыз ештеңені көрмей, о дүниеге аттанды. Әкесі мен анасының жағдайы қалай екен?! Қандай күйде? Үш бірдей ұлынан айырылу – бақытсыздық емес пе?» – деп жазды журналист Instagram желісінде.
Ал қайтыс болған үш баланың анасы Жәмила Сәдуованың сөзінше, желіде өзі туралы ақпарат пайда болғаннан кейін «оның үйі бар», «үй алып берді» деген сыңайдағы мәлімет тараған. Әйелдің өртенген үйі өзіне тиесілі болмаған екен.
«Дәл қазір ақша жұмсайтындай жағдайда емеспін. «Үйі бар», «үй алып берді» деген ақпарат тарап жатыр екен. Жоқ, менің үйім болған емес. Ешкім үй алып берген жоқ. Одан қалды, осыдан 5 жыл бұрын ағамнан айырылған едім. Сол ағамның үйінде тұрып жатқанбыз. Менің үйім емес, ағамның балаларының үйі. … Көмектеріңізге мың алғыс. Бірақ қанша ақша, қанша алтын-байлық берсе де, балаларымның орны толмайтыны анық», – дейді көз жасын тоқтата алмаған ана.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Үш перзентінен бірдей айырылған ана материалдық көмекке қарсы емес. Бір күнде қара жамылған отбасыға көмек бергісі келетіндер үшін реквизиттерін ұсынамыз.
Садуова Жамила Ибрагимовна
Каспий голд: 5169 4931 5323 9580
ИИН: 861 115 402 564