Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалық азамат өгей қызына азғындық жасады деп айыпталуда

Қызылордада өгей қызына азғындық жасады деп айыпталған азаматтың туыстары араша сұрады, деп хабарлайды КТК.

Қызылордада өгей қызына  қатысты азғындық әрекет жасады деп айыпталған Нұрлан Рахиевтың туыстары бауырларына араша сұрайды. Айтуларынша, келіндері төрт  ай бойы тергеу қапасында жатқан күйеуіне  жала жауып, баспанасын тартып алмақшы екен. 33 жастағы педофилмен азаматтық некеде тұрған келіншек оған 4 бала туып беріпті. Тергеушілер  өгей қызын алдымен өз тегіне өткізіп, артынша азғындыққа барған Рахиевтің кінәсі тергеу барысында толық дәлелденді деп отыр. Енді бұл істің нүктесін сот қоятын болады.

Жәбір көрген қыздың анасы Жанна Салыбаева мен Нұрлан Рахиев осыдан 9 жыл бұрын қосылған екен. Келіншек өзге босағаға  өзімен бірге  2 жасар қызын ертіп келген. Кейін Жанна екінші күйеуіне 4 бала туып берсе де, бұл жұп некелерін заңдастырмапты. Өгей әкесінің жасаған  қылығын анасына 11 жасар Ақгүлдің өзі айтып берген. Келіншек дереу жұмыста жүрген күйеуіне телефон шалыпты.

“Күдік болғасын өзіне звондадым да, и то что  үйде болып жатқан сюжетті предположительно айтып едім, ол маған «неге айтып тұрсың оны деді, өзін өзі білдіріп қойды да, «неге айтып тұрсың қолым тимейді менің, босамайды» деп сосын сойлесеміз деді. Дәл сол күні соны сұраған кезде жұмысынан ерте келді”,  – дейді жәбірленушінің анасы Жанна Салыбаева.

Төбесінен жай түскендей болған Жанна бұл жайт туралы тәртіп сақшыларына хабарлап, өзі бес баламен  дағдарыс орталығына кетіп қалған. Кейін  жергілікті әкімдік оған уақытша баспана тауып берген екен. Көпбалалы отбасы қазір соны паналап отыр. Ал «педофил» деп айыпталған жігіттің анасы «келінім ұлымды  әдейі түрмеге жауып отыр» деп шыр-пыр. Айтуынша, Жаннаның о бастан-ақ қитұрқы жоспары болған көрінеді.

“Енді келіннің көздеп отырғаны  бұл баспана. Өзінің бастапқы мақсаты баспаналы болу. апасы Ажар деген баспанасыз, әр жерде бала-шағасымен жүр. Анасы Тұраш оның да отырған үйі екі бөлмелі, өзі оның үстіне науқас онкологический. Отырған жері нашар, соның бәрін ойластыра келіп, бұлар апасымен қасақана алдын- ала ұйымдастырып отырған іс-әрекет деп отырмын”, – дейді Алмагүл Құлахмет.

Тәртіп сақшылары 11 жастағы Ақгүлге қатысты барлық сараптамаларды жасаған. Абырой болғанда, қыздың дене мүшелеріне еш зақым келмепті. Күдікті азамат сәбиге өзінің әурет жерін ұстатып, өзі де өгей қызын аймалап ләззат алған екен. Бала анасына осындай жағдайдың екі рет болғанын айтқан.

“Қылмыстық істі  тергеу барысында күдікті Рахиев Нұрланға қатысты оның жасаған қылмыстық  іс әрекеті жөнінде барлық кінәлілігі толығымен  дәлелденіп, қылмыс құжаттарына қажетті деген дәлелдер жиналып, қазір іс прокуратарамен зерделеніп жатыр”, – дейді Қызылорда ОІІД тергеу басқармасының тергеушісі Табиғат Еркінбекұлы.

Азғын деп айыпталған Рахиев әзірге өзіне шаң жуытпай отыр. Ал егер кінәсі дәлелденсе, ол 12 жылға дейін түрмеге тоғытылуы мүмкін.

 

Талқылау