Қызылордада мерекеге асыққан дәрігерлер күштеп босандырған келіншек қайтыс болды

Сейсенбі, 9 Тамыз , 2016 10:26

Қызылорда облыстық медицина орталығында 26 жастағы келіншек көз жұмды. Жас ана босанғаннан кейін екі ай бойы ауыр халде жатқан еді. Алтынайдың анасы болған жағдайға дәрігерлерді кіналайтынын айтқан еді. Босанғанына жарты сағат болған әйелге дереу ота жасалған. 17 маусымнан бері ауруханада жатқан келіншекке бір айдың ішінде 6 рет ота жасалған. Әрі туыстарына айтпастан дәрігерлер оның жатырын алып тастаған еді.

emkhana

«Тәшімова Сырдария аудандық ауруханасына 17 маусымда түскен. Сол күні әйелдерді акушер-гинеколог Жаңабергенова мен акушер Қантаева босандырған. Дәрігерлердің салғырттығынан көп ұзамай Тәшімованың денсаулығы нашарлап кеткен. Содан бері ол Қызылорда медицина орталығында ауыр халде жатты», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Ботакөз Сейіл.

Облыстық прокуратураның ақпаратынша, босанғаннан кейін әйелге 6 ота жасалған. Прокуратураның ұсынымы бойынша жас ананың өліміне кінәлі Сырдария аудандық ауруханасының қызметкерлері – дәрігер-хирург Зетов пен акушер-гинеколог Жаңабергенова жұмыстан қуылды. Ал аудандық аурухананың бас дәрігері Садықоваға қатаң сөгіс жарияланды. Алайда ақхалаттылар қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін.

«Аталған факті Сырдария ауданы ішкі істер бөлімінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу облыстық прокуратураның арнайы прокурорларына тапсырылды», – деді Қызылорда облысының прокуроры Халидолла Дәуешов.

Бұған дейін Алтынайдың анасы дәрігерлердің үстінен шағым түсіргенін, қайғылы жағдайдың қалай болғанын Stan.kz тілшісіне баяндап берген еді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар