Қызылордада мектептің бір бөлмесі сән салоны болып кеткен (фото)

Сейсенбі, 6 Қыркүйек , 2016 12:44

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жөлек ауылының оқушылары үшін жаңа оқу жылы түсініксіз жағдайда басталды. Енді №152  мектеп–интернаттың шәкірттері жұмыс жасап тұрған сән салонымен бірге бір ғимаратта оқитын болады.

Sequence 07.00_08_00_17.Still001

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мемлекеттік мекеме ішінде кәсіпкерлікпен айналысуға мектептің бұрынғы директоры рұқсат бергенге ұқсайды. Қазіргі таңда бұл жағдайға қатысты жауапкершілікті ешкім мойнына алар емес.

Sequence 07.00_08_06_14.Still003

Жөлек – Қызылорда қаласына жақын орналасқан ауылдардың бірі. Мұнда халық саны айтарлықтай көп емес. Мектептен бөлек, шопандардың балаларын оқытуға арналған арнайы интернат та бар. Міне, сол интернаттың ғимаратында жұмысын бастаған сән салонның қызметіне көпшілік наразылығын білдіруде.

Sequence 07.00_08_09_02.Still004

“Интернат жанынан шаштараз ашып қою түсініксіз жағдай. Ертең ол жерде балалар жүреді. Сән салонға қаншама, неше түрлі адамдар келеді. Әрине, бір ауылға бір шаштараз керек. Бірақ оны мектептің жанынан ашпағандары жөн болар еді”, – дейді ауыл тұрғынының бірі.

Sequence 07.00_12_14_13.Still016

Сән салонының жұмысымен танысу үшін біз де ішіне бас сұққан болатынбыз. Алақандай жерде кәсібін айналдырып отырған маман бірқатар сұрақтарымызға жауап берді.

Sequence 07.00_08_26_11.Still007

“Мұнда келгеніме біраз уақыт бола қойған жоқ. Әзірге ешқандай ақша төлеп отырған жоқпын. Құжаттарым жоқ екенін мойындаймын. Ауыл әкімі осында отырып жұмыс жаса деді”, – дейді шаштаразшы Меруерт есімді келіншек.

Sequence 07.00_08_44_05.Still009

Ал, ауыл әкімі қазір бұл мәселемен айналысып жатқанын айтады.

Sequence 07.00_09_36_12.Still010

“Енді біз бір ауылға бір шаштараз керек деп ойладық. Осылайша кәсіпкерлікке қолдау жасағымыз келген. Әлі заңдастырмағанымыз рас. Құжаттарын енді дайындаймыз”, -дейді  Бегімтай Сатаев.

Sequence 07.00_11_12_23.Still014

Әзірге, шаштараз жұмысын тоқта ма, жоқ па белгісіз.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

6
Комментариев
  • Анонимно says:

    Пах,шіркін ауылым! Көзіме оттай басылдың ғой. Мектеп директорларын неғылды,сотталды ма? Аядай ғана ауыл ғой… Істеріңіз оң болсын!

  • Алижан says:

    Азаматтык пикириммен санасатын болсам, косылам. Бугинги нарык заманда касипкерликпен шугылданган сауап. Инфляция заманында укиметке алакан жаймай, отбасын касибимен асырап откан мундай кисилерди колдау керек……

  • Ауылдын кызы says:

    Айару оте дурыс айтты..мектепке шаштараз мулдем кедерги келтирип турган жок. Ен бастысы окушыларга зиян келтиретин нарсе ашылмаса болды емес пе?! Мысалга озимде ауылда турам. Биз жактада шаштараз тапшы. Буткил ауыл болып алыста орналаскан шаштаразга барамыз.

  • Айару says:

    Бəрі бір есіктен кірмесе болар. Шаштараздың ауласы басқа екені көрініп тұр ғой))))

  • Айару says:

    Екеуінің есіктері екі жақта. Балалар басқа жағынан кіред. Мектептің дəл қасынан салон ашса да адамдар сол жермен жүреді ғой))) Əйтеуір сырахана, кафе болмаса болар. Тырнақ астынан кір іздеп

  • Жұмбақ жан says:

    Катырган екен

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар