Қызылордада қарапайым шопыр түгілі жол полициясы жүгіріп өтпеген жүргіншіні сөге түсті (видео)
Қызылорда соңғы кездері жаяу жүргінші жолағында азаматтар жиі зардап шегетін қалалардың бірі. Онда әдеттегідей көлік жүргізушілері асықпай жүрген адамды күтуге шыдамайды. STAN.KZ сайтының өңірдегі түсіру тобы көлік жүргізушілерінің шыдамын тексеру мақсатында арнайы тәжірибе жасап көрген еді.

Жаяу жүргінші жолағымен Қорқыт ата көшесінен асықпай өтетін бойжеткенді көлік жүргізушілерінің 90 пайызы балағаттап кетті. Жартысынан көбі жол бойында телефонмен сөйлескен қызды күтпестен алдынан орташа жылдамдықпен өткен. Ал селфи жасамақ болған кезде терезесінен басын шығарып, балағаттаған шопырлар саны көбейген.
Жаяу жүргінші өткелінде тоқтап тұрған полиция көлігі азаматтарға тездетіп жүруді бұйырады. Телефонмен сөйлесіп, асықпай өткен біздің сайт актрисасына полиция қызметкері “Тез жүр, әкең салып берген жол ма?!” деп айқайлайды.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"