Қызылордада ет қамырының орнына дайын тұшпара салу сәнге айналды (фото)

Бейсенбі, 12 Мамыр , 2016 14:23

Соңғы уақытта Қызылордада қазақтың үлттық асын дайындаудың жаңа әдісі пайда болып келеді. Мұндағы қыз-келіншектер енді жайманың орнына дүкендегі тұшпараны пайдалануға көшті. Қызылорда обылысындағы Stan.kz сайтының тілшісі мұндай ас соңғы кездері жиындардағы ас мәзірінен жиі көрінетін болған дейді.

еетт3

Қазақ әдетте, құрметті қонағы келгенде қазан көтеріп, етін асады. Той-томалақтарда да ет асылып, дәмді етіп қамырын қолдан жайып салады. Жақында Қызылордадағы ауылдардың бірінде өткен тойда ұлттық тағамымыз жаңаша түрде дайындалды. Алдымен қазанда ет асылды әдеттегідей. Еттің піскенін күткен аспазшылар қамырдың орнына дайын тұшпараны салып жіберді. Сөйтіп қуанышты жиынның құрметті қонақтарының алдына тартылды.

беш1

«Ет тамақты бұлайша дайындау дұрыс емес. Өзіңіз ойланып көріңізші, тұшпараның ішінде де ет, үстінде де ет. Сүйсініп жеу де мүмкін емес. Бұл әдісті қазір қолданатындардың қатары артып келеді. Егер қамыр дайындауға ерінсеңіздер, дайын жайманы пайдалануға болады емес пе? Одан қалса сүрленген етті иісінен-ақ сүйсініп жегісі келген адамадр дүкеннің тұшпарасынан жиіркеніп қалуы әбден мүмкін. Жарайды, ол тұшпара үйде түйілген болған күннің өзінде ет тамағының дәмін одан әрі жақсартып жіберді дегенге сенбеймін », – дейді тәжірибелі аспаз Жанат Альмуханова.

беш

Расымен, мұндай тамақтан ауыз тигендер  астың әдеттегіден ұзақ қорытылатынын айтады. Неше ғасырлар бойы сақталып келе жатқан дәстүріміздің бұлайша өзгергеніне қарсылық білдірушілер де бар. Ал, диетолог мамандар болса, бұл тағамның артық салмақ жинауға әсері болатынын айтады.

Тіпті, кейбір шалғай жерлерде ет тамақтың қамырының орнына манты салып жүргендерді де көруге болады. Көпшілік бұл жалқаулардың әрекеті деп ойлайды. Ал, ұлттық тағамымызға жаны ашыған аспаздар дәстүрден ауытқымауға кеңес береді.

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

24
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Оған карсымын.

  • Жұмбақ жан says:

    Иә,естімеген елде көп… Қолдамаймын!!!

  • Жұмбақ жан says:

    Оиларына келгендерйн істеп жатыр,былықтрып, ет табақ. Казахтың салты боиынша сақтәлып калу керек

  • Жұмбақ жан says:

    Мен айтар едим, оданда камырды адемилеп жайган дурыс гой, еки жумыс кылганша. Тушпара тамак ол болек ас.

  • Әділбек says:

    салтымыз ды бұзбайык қазақтар.

  • Жұмбақ жан says:

    Иа бос соз, тушпара салмайды ордада. Жайма салады десе ол рас енди. Кейнги кезде колдан жайган камыр салады. Халык жаймадан шыкты ау

  • Жұмбақ жан says:

    Шымкенттеде солай, жыным келди.

  • аноним says:

    Мумкин емес Кызылордада 33жыл омир сурип бир ретте кормеппин тушпара косканын.

    • Жұмбақ жан says:

      Қонақтарын таң қалдырғысы келген келіншектер осылай дайындап жүр ғой, талай рет көрдік. Бірақ асқазанға обал əрине

    • еркие says:

      Кызылорда каласынын озинде али , бундай ет тамак истемейди. Жанакорган ауданында коргем бундай асты, бирак олар тушпараны кобирек салып бетине еки суйек пен картоп салады. Арзан тусу ушин. Негизи Шымкент жаткан келген. Жанакорган халкы Шымкент халкы сиякты, ысырапшылыкты жек кореди. УВАЖАЮ! Диетологка айтарым, негизи ет тамактын ози дурыс емес. Ет, камыр, май, ушеу асказанда уш турли корытылады. Ал оны биз бирден барин жеймиз.

  • жумбак жан says:

    Ериккен катындардын исида камкалар не боларн билмейд

  • Жанар says:

    Тушпарасы неси? Онын ишиндеги фарш неники екенин ким биледи? Адал асты булай корлауга болмайды. Мен ондай дукеннин тушпарасын етке салу былай турсын, кур озин де писирмеймин. Жииркенем. Ал тушпараны колдан туйип етке косып салу астын кадирин кетиреди.

1 2 3

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар