Қызылордалық: Дәрігерлер мерекесіне асыққан акушер қызымды уақытынан бұрын күштеп босандырған

Дүйсенбі, 25 Шілде , 2016 17:49

Қызылорда облысы Сырдария ауданының тұрғыны Алтынай Ташимованың бүгінде жағдайы өте ауыр. Ол 17 маусым күні дүниеге ұл бала әкелген. Бұл жаңалық бастапқыда туыстары мен жақындарын үлкен шаттыққа бөлеген еді. Алайда, араға жарты сағат өтер-өтпес бәрінің қуанышы су сепкендей басылды. Алтынайдың жағдайы күрт нашарлап, дереу ота жасату керектігі айтылған.

емхана

Бұл туралы Stan.kz  сайтының өңірдегі тілшісі хабарлайды.

«Алтынай Сырдария аудандық ауруханасында босанды. Бастапқыда бәрі  ойлағанымыздай болды. Кейіннен не болғанын түсінбей қалдық. Дәрігерлер мен медбикелер жүгіріп кетті. Қызымның жанында болған туысымыз Алтынайдан қан кетіп жатқанын айтты. Оның тынысы тарылып, жүрегі қысылып жатты.  Ешкім ештеңе түсіндіргені ашып айтпайды. Сырттан қарап қорқумен болдық. Кейін қызымды босандырған дәрігер медицииналық қателік жібергенін білдік», – деп ашынады Алтынайдың анасы.

Бүгінде қайғыдан қан жұтқан ана қызының бұл жағдайға душар болуына мерекеге асығып адам өміріне немқұрайлы қараған ақ халаттыларды кінәлайды.

«Сол күні медицина қызметкерлерінің күні болатын. Дәрігер – акушер Эльмира Жанабергенова мереке орай ұйымдастырылатын отырысқа асыққан. Қызымды тездетіп босандырғысы келді.  Кейіннен баланың жолдасын арнайы құралға орап, бар күшімен тартып алған. Қанның кетуіне осы жағдай себеп болды деп ойлаймын», – дейді Алтынайдың анасы Оразкүл Қосанқызы.

Алтынайға алғашында Сырдария ауданының дәрігерлері ота жасаған. Алайда, жақындарының рұқсатынсыз жатырын алып тастапты.

Сонда да оң өзгеріс болмаған соң, науқас жедел түрде облыс орталығына жеткізілген.

емхана1

«Баламның жағдайы өте ауыр болды. Санитарлық авиация шақыртудың орнына мұндағылар салдырап қалған жедел жәрдем көлігіне салып апарды. Облыстық медицина орталығына барғанымызда бізді күтіп алған ешкім болмады. Бұлар алдын ала ауыр жағдайда науқас кележатқанын хабарлап қойса болады ғой. Өлім аузында жатқан қызымды орналастыруға жарты күн уақытымыз кетті. Неге дәрігердің қателігшінен менің балам қиналуы тиіс. Қызымнан айрылып қаламыз ба деп әр минутымыз үреймен өтіп жатыр. Мұндағылардың шаруасы жоқ». – деп ашынады Алтынайдың әкесі Марат Ташимов.

Алтынайға бүгінде 6 мәрте ота жасалған. Барлығы да сәтсіз. Әр ота сайын жас келіншектің жағдайы қиындап барады. Әсіресе, анасының сүтін еміп үлгермеген Төлегеннің болашағына туыстары алаңдаумен отыр. Бүгінде Алтынайдың  жақындары осы бассыздық бойынша құзырлы органдарға арызданғандарын айтады. Ал дүниеге келген балаға қазір әжесі қарап жатыр екен.

Біз де өз кезегімізде дәрігерлермен тілдеспек болғанбыз. Алайда, облыстық медицина орталығында бізге мардымды жауап беретін маман табылмады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы да еңбек демалысында болып шықты. Осыдан кейін Сырдария ауданына барып, сондағы ақ халаттылармен сұхбаттастық. Аурухананың бас дәрігері жұмыс орнында болмай шықты. Орынбасары қабылдап Алтынайдың бүгінгі денсаулық жағдайын айтып берді.

«Қазір Алтынайды босандырған Эльмира Жаңабергенова жұмыстан босатылды. Хирург Шыңтас Зетов еңбек демалысында. Болған жағдай бақылауымызда. Медициналық қателіктің кеткенін құзырлы органдар тексере жатар. Мен де бұл қызметке кіріскеніме көп уақыт болған жоқ», – деді Алия Ескендірова.

Қазір Алтынайдың ата-анасы Астанадан келетін мамандарды асыға күтіп, соларға үміт артып отыр. Сондай-ақ, құзырлы орган қызметкерлерінен қызының денсаулығына зиян келтірген дәрігерлерді жазасыз қалдырмауды сұрамақшы.

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

14
Комментариев
  • Анонимно says:

    Сотка бериниз .Акша берсениз дурыстап карар еді.Булар əбден масыккан , онбагандар.

  • Алмагуль Туремуратова says:

    АЛЛА шипасын берсин!

  • Анонимно says:

    Алла шипасын берсін

  • Анонимно says:

    Алла шипа берсін!Аман есен отбасына оралуына тілектеспін!

  • Анонимно says:

    Биздин даригерлерден Алла сактасын!Килен онбагандар,паракор,санасыздар!Алтынайга Алла шипасын берсин!Ата ана бауырларына сабыр!

  • анон says:

    сот орындаушылаарга жазу керек пракратурага шагым жазу керек халатный отнашение алла шипасын берсин пенденин дуга етиниздер

    • Анонимно says:

      Соторындаушылардын кандай катысы бар, сотка десенизшы

  • Анонимно says:

    Алла шипасын берсін баласына аман есен оралсын.

  • Анонимно says:

    Осы биздин жауапсыз даригерлердин кесиринен канша адамнын тагдыры курыды. Осыган шек болар кел болама?

  • Анонимно says:

    Тезарада сотқа берініз

  • Анонимно says:

    Аллам шипасын берсин!

    • Анонимно says:

      Алла жазаларын берсін дəрігерлердің, соттау керек, Алтынайға аллам шипасын берсін

      • Анонимно says:

        Алла шипасын берсін Ата анасының дұға тілегі кабыл болсын аман есен отбасына қосылсын

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар