Қызылордадағы әруақтар «қоныстанған» үйдің адам шошырлық құпиялары

Сенбі, 13 Ақпан , 2016 18:19

Бұл екі қабатты коттеджді Қызылордада тұратын адамдардың барлығы жақсы біледі. Қаланың қақ ортасында бой көтерген үйге қатысты түрлі әңгімелер әлі күнге дейін басылар емес. Көпшілікті толғандыратын бұл сұрақтың жауабын Stan.kz сайтының Қызылордадағы тілшісі де іздеп көрген еді.

«Арай» мөлтек ауданында орналасқан коттедж 2000-шы жылдардың басында салынған. Сол маңда тұратын тұрғындардан сұрағанымызда олар нақты уақытын айтып бере алмады. Үйдің сыртқы түрі көргісіз. Есігі ашық, терезелері сынған. Қабырғаларында түрлі жазулар бар. Ал, айналасы күл-қоқыстан көрінбейді. Кейбір адамдар тұрмыстық қалдықтарын осында әкеліп төгеді екен.нужен1

Арақ ішіп, көңіл көтергісі келетін кейбір бұзақылар да осы жерді мекен етіп алыпты. Тәуекелге бел байлап ішіне кіріп, түсірілім жасадық. Қабырғалардың барлығы балағат сөздерден көрінбейді. Баспалдақтар сынған. Айналаның барлығы қоқыс. Жаураған қайыршылар да күндіз осында кездестіресің. Ал, кеш батқанда өлі тыныштық орнайды…

«О баста бұл үйде адамдар тұрған деп естідім. Бірақ, көп ұзамай көшіп кетіпті. Әруақтар маза бермеген дейді. Түнде жиһаздарды қозғап, терезелерді сындырады екен. Балаларының көзіне көріне берген соң, арттарына қарамай қашып кетіпті», – дейді сол маңда тұратын ақсақал Әуелбек Аспанов.

кереееек (1)

Толығырақ мағлұмат білу үшін аңызға айналған баспананың дәл жанында тұратын үйдің терезесін қаққан едік. Алайда, онда тұратындар сұрақтарымызға жауап беруден бас тартты.

Жанымыздан өтіп бара жатқан таксистерден сұрағанымызда, коттедждің тұсында жол апаттары жиі орын алады екен. Жүргізушілер бір тылсым күштің барына сенеді. Сондықтан осы аумақтан өткенде «бісмілләсін» қайталап өтетіндерін айтады. Әруақты коттеджді сатып алуға ниет білдірген де болыпты. Бірақ егесі табылмаған. «Менің көршім осы үйді алып, жөндеу жүргізгісі келген еді. Біреулерден бағасы 10 мың АҚШ доллары тұратынын естіпті. Бағасы өте арзан болып, егесін іздестіріпті. Бірақ таба алмаған», – дейді қала тұрғыны Ағайша Батырбекова.

Ал, кейбір әңгімелерге сенсек, бұл коттедж банктердің бірінде кепілдікте тұр-мыс. Мұндай әңгімелердің көптігі соншалық, тіпті қайсысына сенерінді білмейсің. Алайда әруақтар туралы аңызға сенбейтін адамдар да кездеседі. «Бұл коттеджді салғанда құрылысқа қажетті шеге құм жанындағы ескірткіштен алынды. Ал мұнда саяси қуғын-сүргін құрбандарының мүрделері қайта жерленген. Содан әруақтар мазалап жүрген секілді. Бірақ, үйде адам тұра алмайтындай жағдай жоқ деп ойлаймын. Құрбандық шалып, иіс шығарса паналауға болады», дейді – сол аумақта тұратын Маржан Молдыбаева.

Расымен, дін өкілдері де қаңырап жатқан баспананы жындар жайлап кетуі мүмкін екенін айтады. Алайда исламда олар басқаша айтылады екен.

«Жалпы Ислам дінінде «әруақ» сөзі «жан», «рух» дегенді білдіреді. Осы «жан», «рух» сөздерінің көпше түрін айтқанда «әруақ» деп аталады. Әрбір мұсылман адам әруақтың бар екеніне сенгені дұрыс. Пенденің рухы денесінен шыққаннан кейін «барзақ» әлемінде болады. Рухтардың адамдармен қарым-қатынас жасайтыны жайында ешбір аят не хадис жоқ. Мұндай байланыс тек Алланың жіберген періштесі немесе жын-шайтандар арқылы ғана болады. Рух деп жүргендеріңіз жын мен шайтандар», – дейді Қызылорда қаласындағы «Құддыс-ишан» мешітінің бас имамы Жеңіс Садықов.

нужен5

Біз де өз кезегімізде коттедж иесімен сұхбаттасып, мән-жайды білгіміз келген болатын. Алайда, оны бір рет болса да көрген немесе қалай жолығуға болатынын білетін ешкім жоқ екенін түсіндік. Ал коттедждің жанындағы көрші үйлерде тұратын жандар алдағы көктемде үйдің ішін аластап, құрбандық шалуды көздеп отыр.

нужен3  нужен6

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

24
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар