Қызылордада 6-сынып оқушысы өз кітабын шығарды
Қызылорда қаласындағы №267 орта мектептің 6-сынып оқушысы Алтынай Берік «Ертегілер» атты кітап шығарып, еліміздегі ең жас жазушының бірі болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жас дарын Алтынайдың алғашқы кітабының шығуына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қолдау білдірген. Сонымен қатар ол алғашқы туындысының бір данасын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдапты.
60 беттен тұратын жаңа туынды 1000 дана таралыммен оқырман қолына тиді. Кітапқа 32 ертегі мен өлеңдер еніпті. Сондай-ақ, кітапта жас өреннің өз қолымен салған суреттері де бар.
Алтынай 7 жасынан бері қолына қалам ұстап, түрлі әдеби шығармалар жазып келеді. Бүгінде оның 40-қа жуық ертегісі бар екен. Жас дарынның шығармаларының көпшілігі жан-жануарларға арналған. Мәселен, «Ақ көжек», «Мөлдір бұлақ», «Қызыл қораз», «Түйе», «Қамқорлық» сынды туындылары республикалық байқауда орын алып жүр.
Сондай-ақ, Алтынайдың ертегілері «Балапан» телеарнасының 5 жылдығына орай өткізілген «Менің ғажайып ертегілерім» атты жинаққа енгізілген.
Алтынай күні бүгінге дейін түрлі байқауларға қатысып, жоғары жетістікпен оралып келеді. Тұңғыш рет «Жас өркен» серіктестігі ұйымдастырған бәйгеде жеңмпаздар тұғырынан көрінген еді.
Алтынай көп балалы отбасыдан шыққан. Ол – отбасындағы 7 баланың екіншісі. Әкесі Айбек пен анасы Айзада қарапайым жандар.
Оқи отырыңыз:
ШҚО тұрғыны үйінде борсық асырап отыр (видео)
Шымкентте көлік жүргізушілері әйелдерді 8 наурызбен ерекше құттықтады (видео)
Астанада Әділет департаментінің шенеуніктері 22 миллион теңге парамен ұсталды