Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада 13 жасар қызды зорлап, өлтірді деген күдіктінің отбасы ауылдан қуылды

Қазақстанның оңтүстігіндегі Шалқия кентінде тұрғындар педофил-кісі өлтірушінің отбасымен бірге тұрғылары келмей, оларды ауылдан қуып шықты.

Қызылордада 13 жасар қызды зорлап, өлтірді деген күдіктінің отбасы ауылдан қуылды

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Екі апта бұрын Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Шалқия ауылында полиция қызметкерлері 30 жастағы ер азаматты 13 жасар қызды зорлап, өлтірді деген күдікпен қамауға алды. Жәбірленуші анасымен бірге ауылдың шетіндегі жартылай тастанды бес қабатты ғимаратта тұрған. Қыздың зорлық-зомбылық белгілері бар өлі денесі адам тұрмайтын ғимараттың жоғарғы қабаттарының бірінен табылды.

Бұл айуандықты жасады деген күдікті қылмыс іздері бойынша табылды. Қазіргі таңда күдіктінің өз кінәсін мойындағаны белгілі. Тергеу барысында, оның зорлықтан басқа қылмыс жасағаны үшін сотталғаны белгілі болды.

Оқиға орын алған күні ер адам жасөспірімнің үйде жалғыз қалғанын біліп, қызды зорлаған. Ол қылмыс іздерін жасыру үшін жәбірленушіні бірнеше қабатқа жоғары көтеріп, оның басынан ұрып өлтіріп тастады.

Енді, қылмыскер бәрін мойындаған соң Шалқия халқы оның отбасымен бір ауылда тұруды қаламайды.

“Қызды зорлаған жігіт бұған дейін біздің ауылда тұрмаған. Ол Ақтөбеден осы ауылда тұратын анасына келген. Бұл отбасын қолайлы деп атауға болмайды. Себебі ол жігіт жұмыс істемейді де, ал анасы үнемі ішімдік ішіп жүреді. Бірақ бұл жағдай орын алмай тұрып, оларға ешкім ештеңе деп тиіскен емес. Біз ауыл болып жиналып, ол отбасының біздің маңда тұрғанын қаламаймыз деген шешімге келдік. Олар да біздің талабымызға қарсы шықпады. Жігіттің отбасы осы қылмыстан кейін елге қарайтын беттері жоқ екенін түсінді”,-дейді ауыл тұрғыны.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау