Қызылорда журналистері мерекеде өздеріне берілген сыйлықты жұртқа көрсетуге ұялған

Сәрсенбі, 29 Маусым , 2016 14:48

Қызылордалық журналистер  төл мерекелеріне орай  облыс деңгейіндегі құттықтаулар мен өздеріне көрсетілген сыйға көңілдері толмаған. Тіпті мұны қалжың немесе әжуалау деп түсінгендері де болыпты. Облыс орталығынды  27 маусым күні өткен құттықтау жиынынан шыққан тілшілер болған жайтты Facebook желісінде үлкен талқыға салды.

сыйлықққ

Журналистер қауымы алдымен өздерін құттықтауға жарамаған облыс басшысы Қырымбек Көшербаевқа реніштерін жазған.

«Дәрігерлер күнінде аймақ басшысы өзі келіп құттықтады. Полицейлер күнінде де өңір басшысы өзі болды. Неге журналистер күнінде Қырымбек Көшербаев болмады? Орынбасарлары да қарасын көрсетпеді. Байқадамов пен Нәлібаевқа мың алғыс, елегендеріне. Қырымбекке қаламгерлер құнсыз ба?»,- деп жазды журналист Ерқанат Сәрсенбай.

Аталған мәселені қызу талқылаған журналистер кәсіби мерекеге орай ұйымдастырылған шараның деңгейі төмен болғанына, сыйлыққа қазір көпшілік ұстайбермейтін (шенеуніктер жұмыс уақытында ұстауға міндеттелген) қарапайым қоңырау шалуға ғана арналған телефондар берілгеніне таң қалған.

Бірі Қырымбек Көшербаев тілшілерге жай қалта телефонын табыстауға ұялып келмеді десе, енді бір аймақ басшысының жұмыс кестесі қауырт екенін алға тартты. Ал, кейбіреулері 2008 жылы қызметтік сапарда  ұшақ апатынан көз жұмған жас журналист Сахитжан Бермағанбетовтің ата-анасына лайықты құрмет те көрсетілмегеніне өкпелеген.

«Сол кеште белгілі журналист марқұм Сахитжат бауырымыздың ата анасыда арнайы шақырылыпты елеусіз қалғаны соншалықты сахнаға шығарып құрмет көрсетіліп сөз бермек түгілі бір тал гүлде ұсынылған жоқ», – деп жазды журналист Оңғар Саймасаев.

Журналистердің қызу талқылауына облыс әкімінің баспасөз қызметінде жұмыс істейтін мамандар да араласты.  Олар тілшілердің жалақысы өздеріне қажетті телефонды алуға жететінін айтып, бюджет ақшасын барынша үнемдеп жатқандарын жазған.

«Сәлеметсіздерме! Облыс әкімі дүйсенбі күні Астанаға барып, ЕБРР-мен келісімге қол қойып қайтты. Сыйлыққа қатысты – байқасаңыздар, биыл жалпы қаржы үнемдеуге бағытталдық. Концерттік бағдарламаны білмедім, мүмкін, нашарлау болған шығар. Айып етпеңіздер. Сыйлық ұнамады деген реніш біртүрлі сияқты… Құдайға шүкір, бәріңіз шетінен мықты мамансыздар, айлықтарыңыз қалаған затты сатып алуға жететін шығар», – деп жауап жазды Мария Омарова.

Журналистерге сыйлық ретінде қалта телефондары мен планшеттер табысталды. Ал, кей тілшілерге ноутбук берілген болатын.

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

10
Комментариев
  • Анонимно says:

    ыңғайсыз болған екен

  • Анонимно says:

    мынау нағыз жала. Журналситердің арасында сыйлық туралы бір ауыз сөз болған жоқ. “СЫЙЛЫҚҚА РИЗА БОЛМАДЫ” ДЕГЕН ӘҢГІМЕНІ СЫЙЛЫҚ АЛАМАҒАН ПАСЫҚ БІРЕУ ТАРАТСА КЕРК. АЛ МАРҚҰМ САХИТЖАННЫҢ АТА-АНАСЫНЫҢ СОЛ ЖЕРДЕ ОТЫРҒАНЫН БІЛГЕНІМДЕ, БАРЫП СӘЛЕМ БЕРІП, ҚОЛЫМДАҒЫ ГҮЛІМДІ ТАБЫСТАҒАН БОЛАР ЕДІМ. МЕН БАЙҚАМАДЫМ.

  • Анонимно says:

    Қызылордалық журналистер қандай болса сыйлықтары да сондайболган да. Нұр Отан мен бастыктарды мактаудан баска не бітіріп жатыр. Бірде-бір өзекті мәселе жөнінде айтпайды, бағдарламаларын көруге ұят. Баяғы совет Үкіметінің сарынымен, есек аяңдап келе жатыр. Тек жарнама мен ауа райын көруге ғана қосамыз. ауа райы да көбіне дұрыс болмай шыгады

  • Анонимно says:

    https://www.youtube.com/watch?v=mBOkv8MXa4c

  • Асқар says:

    Планшет, телефон беріліпті ғой енді не міндет. Мен де журналистпін бірақ ешқашан міндетсініп көрмеппін. Журналист болсам айлық алып отырмын.

  • Асқар says:

    Ия, құдайға шүкіршілік етуді ұмытып кетеміз ғой. Сыйлыққа ренжігенді бірінші рет көруім. Ең бастысы көңіл аудару ғой. Қайта сіздер бақытты екенсіздер ноутбук, планшет одан артық не керек. Масқара тойынған ғой

    • Анонимно says:

      уйымдастырылган шара оте томен денгейде отти,корермен болып барганмын.Балалара арналган мереке артык отеди.Журналист каумына арналган деп айтуга уят.

  • Анонимно says:

    Курметти журналистер кауымы казирги заманда бир кусок нанга зар болып жургендер бар,Барга канагат, жокка таубе кылатын заман! Сакитжан бауырымыздын анасын акимдер елемесе, оздериниз журналистер кауымы жиналып курмет корсетулеринизге болар еди. Жок жерден кирбин издемей. Канша дегенмен сахна оздериниздики.Сахитжаннын анасын сахнага шыгарып журналистер кауымы бир кушак гул сыйлай алмасаныздар, озгеге коз кырларынызды салмайак койыныздар.

    • Жұмбақ жан says:

      Дұрыс айтасыз!

      • Мақпал says:

        Бізде құттықтамақ түгілі елегенде жоқ. бірде бір адам. осыған рахмет айтыңыздар. қайта беріпті ғой

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар