Қызылорда облысында оқу басталмай жатып оқушыларды көше тазалауға мәжбүрлеп қойды (видео)
Қызылорда облысының Жалағаш ауданына қарасты Аққұм ауылында оқушылар көше тазалап жүр.

Бұл көріністі Оңғар Саймосаев есімді журналист суретке түсіріп, желідегі парақшасында жариялады.
“Жалағаш Ауданының Әкімдігі АҚҚҰМ ауылы. Білім алуы керек оқушыларды жұмысқа жеккендерің қай сасқандарың?
Əлде көше тазалығына жауап беретін қызметкерлерге беретін айлық-жалақылары бітіп қалды ма? Қызылорда облысының Білім Басқармасы, бұл қаншалықты дұрыс. Сенбілік дейін десең сенбі емес, бүгін бейсенбі”, – деп жазады ол.
Тағы да оқыңыз:
Айсұлтан Назарбаев не себепті есірткіге әуестенгенін айтып берді
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді