Қызылорда облысында мал іздеп жүріп батпаққа батып кеткен 5 адам құтқарылды
Қызылорда облысында айдаладан мал іздеп жүрген 5 адам табылды. Далада қалған адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат жасап.

«Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ» жолының 234 шақырымынан солға қарай 10 шақырым жерде КамАЗ автокөлігі батпаққа батып, ішіндегі 5 адам далада қалған ,Бір адамға дәрігерлік көмек қажет болған.
«АМО» Қызылорда филиалының 1 дәрігерінен тұратын топ жол талғамайтын «ТРЭКОЛ» көлігімен шұғыл жолға шықты. Арада 5 сағат уақыт өткеннен кейін құтқарушылар даладан бетіне мұз қатқан су ортасында батып тұрған КамАЗ автокөлігін тауып алды. Ішіндегі Қызылорда қаласының 5 тұрғыны мал іздеп жүріп батып қалған. Екі күн далада азақ-түліксіз, тоңған азаматтардың біреуі суық тиіп ауырған, – делінген хабарламада.
Оларға су өткізбейтін Л-1 костюмдері беріліп, жылы көлікке отырғызылды. Екі күн тамақ ішпеген азаматтарға тамақ пен ыстық шай берілді. Суық тиіп ауырған азаматқа алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді. Далаада қаалып қойғандар Қызылордаға жеткізілді.
Тағы оықыңыз:
Қазақстанда алдағы мереке күндері ауа райы қандай болмақ
Қарағандылық 19 жастағы бойжеткен желіде пәктігін саудаға салды
Forbes: Назарбаевтың қызы мен күйеубаласының байлығы артты
Желіде жалаңаштанып ерсі қылығымен танылған қыздың жанкүйерлері пайда бола бастады (видео)
Халық елде жұмыс, үкімет 500 мыңға жұмыс істейтін адам жоқ дейді. Елде жоғары айлықты кімдер алады?