Қызылорда облысында құдасының күштеп құйрық-бауыр асатқанынан ер адам көз жұмды

Бейсенбі, 7 Қыркүйек , 2017 13:35

Қазалыда болған қайғылы жағдайды куәгерлердің бірі баяндап берді.

куйрык-бауыр

Бұл туралы Замана хабарлайды.

Кеше көршім Мақсат аға Қазалыдағы қайын жұртына барып келді. Айтуынша, ол жақтағы сүндет той керемет өткен. Бірақ сол ауылда орны толмас бір өкінішті жағдай да орын алыпты.

«Мен барардан бір апта бұрын қайнымның көршісіне Тараздан Алматыдағы Ауыл шаруашылығы институтында бірге оқыған досы келген екен, – дейді Мәкең. – Кездеспегендеріне 30 жылдай болған екі дос  көпке дейін мауықтарын баса алмайды. Содан қой сойып, ағайын-туыстарын шақырып, үй иесі үлкен отырыс жасайды. Сөздеріне қарағанда, Тараздан келген қонақтың тұрмысқа шықпаған жоғары білімді қызы бар болып шығады. Ал үй иесінің 25 жастағы бойдақ ұлы бар екен.

Ішкілік ішілген жерде не болмайды дейсіз? Дастархан басында екі дос бір-біріне құда болайық деп уағдаласады. Осылай гу-гу болып отырған кезде тамақ келіп, үй иесі болашақ құдасының алдына қойдың басын тартады. Үйме-үйме табақтан етті армансыз жеген олар ішкіліктен де барынша алып отырады.

Ал тамақ желініп біткесін үй иесі қазақы дәстүр­мен тараздық досына май асатпақ болады. Алақанына ет аралас қойдың майын нығыздай салып қонағының қарсылығына қарамай аузына күштеп сала бастайды. «Ойбай, қой, қажеті жоқ!» – деп жалынғанына қарамай қолындағы ет пен құйрықты өңешіне қарай итере береді. Ол дем жетпей тұншыға бастайды, ақырында жүрегін ұстаған күйде құлап түседі. Досының әлем-тапырық жүзінен шошынған үй иесі оның апандай аузын көріп одан бетер зәресі ұшады. Қонағының аузындағы жасанды тісті итеріп, өңешіне тоғытып жібергенін бір-ақ біледі. Содан тез арада «жедел жәрдем» шақырады. Бірақ протез тісі өңешіне қадалып қалған қонақ ол келіп жетемін дегенше жантәсілім етіпті.

Курстасына деген сезімі алып-ұшып келген тараздық қонақ осындай жағдайға душар болыпты. «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» демекші, сол кезде әлгіндей салт­ты қою керек қой деп ойладым.

Бүгінде адамдар арасында экология салдарынан туындап отырған түрлі аурулар көбейіп кетті. Әлгі қайтыс болған кісінің де жасанды тіспен жүруі содан болар».

Көршім әңгімесін осылай деп аяқтады. Иә, «Жазым болса быламыққа да тіс сынады» демекші, мезгілсіз келген ажалға дауа бар ма? Сонда да болса бір сәт өзімізге-өзіміз сақтықпен қарағанымыз дұрыс шығар.

Тағы да оқыңыз:

Астанада суретші асфальт бетіне киелі Інжіл кітабының жазбаларын жазып кетті

«Иванушки» тобының әншісі сынап кеткен Ақтөбедегі қонақүй депутаттікі болып шықты

ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде еріктілердің үш жұбы отау құрған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар