Қызылорда облысында бойжеткенге жала жауып, айыппұл салған полиция қызметкері сотталды

Қызылордада жергілікті полицияның бұрынғы лейтенанты жазықсыз жанға жала жапқаны үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды. Құқық қорғау органында қызмет еткен полицейге дәлелдемелерді қолдан жасады деген айып тағылды.

Қызылордада бойжеткенге жала жауып, айыппұл салған полиция қызметкері сотталды

Бұл туралы Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында хабарланды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Полиция қызметкеріне тағылған айып толықтай дәлелденді. Айыпталушы бойжеткенге көлікті мас күйінде жүргізді деп айыппұл салған. Тіпті, ол жәбірленушіні заңсыз түрде наркодиспансерге апарып, тексеруден өтуге мәжбүрлеген. Құқық қорғау органының бұрынғы қызметкері сонымен қатар көлікті бірнеше метр жерге дейін заңсыз жүргізіп, бойжеткеннің үстінен мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына шағымданған. Білгілі болғандай жәбірленуші есік алдындағы көлікте құрбысымен әңгімелесіп отырған екен. Сот құжаттарды сараптай келе бойжеткеннің ешқандай кінәсі жоқ екеніне көз жеткізді»,- деп хабарлады Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты.

Сондай-ақ, облыстық прокуратура жұмысына салғырттық жасаған полиция қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғау жөнінде шешім қабылдады. Ол бір жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім бойынша сотталушы тұрғылықты жерінде арнайы бақылау орындарының назарында болады.

Оқи отырыңыз:

Ет пен тұзды шамадан тыс көп пайдалану онкологиялық ауруларға әкелетіні анықталды

Қостанай облысында 15 жастағы қыз сифилис жұқтырып алған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар