Қызылордалықтар сот педофил деп тапқан ауылдастарын абқтыдан босатуды талап етуде

Дүйсенбі, 15 Ақпан , 2016 12:56

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Тәжібаев ауылы тұрғындары ауылдастарының жазықсыз қамауға алынғанына сенімді. Мыңға жуық адам ауылдстарына кінәсіз айып тағылып, жазықсыз үкім кесілгенін айтады. Ашынған ауыл халқының мұңын stan.kz сайтының өңірдегі тілшісі тыңдап қайтқан еді.

педофил1
Тақырыпты тарқатып айтсақ. Өткен жылдың жазында Тәжібаев ауылының 12 жасар мектеп оқушысына белгісіз азамат тиісіп, анайы қылық көрсеткен. Қылмыскердің қолынан сытылып шыққан жеткіншек бұл жөнінде анасына айтып беріпті. Іске ересектер араласып, орын алған жағдай жөнінде құқық қорғау органдарына хабар берген.

педофил4

Тергеу амалдары жүргізіліп, нәтижесінде 1980 жылы дүниеге келген Абай Телжанов күдікті ретінде қамауға алынады. Кейін қыркүйек айында Қызылорда облыстық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жігіттің ісі қаралды. Сот отырысы бірнеше сағатқа созылып, нәтижесінде күдікті 6 жылға сотталып кетті.

педофил2

«Баламның педофил атанып кеткені жаныма батады. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылдым. Жүрегім ауырады. Ұлым өте тұйық, мінезі ұяң жігіт. Оның мұндай арсыз әрекетке барғанына сенбеймін. Тіпті Абайды сол уақытта басқа жерде болғанын көргендер де бар. Бірақ сот куәгерлердің сөзіне құлақ аспады», – деп зар илейді сотталушының анасы Райхан Тұяқбаева.

Расымен, қылмыс орын алған күні Абайды басқа жерде көргендер де болыпты.

педофил3

«Абай Телжановтың кінәсіз екеніне толықтай сенімдімін. Өйткені ол сол күні менің үйімнің жөндеу жұмыстарын жүргізді. Сылақ сылап, үйдің қабырғасын бояды. Кеш батқанда автобусқа мініп, өз ауылына қайтқанын көрдім. Күндіз Тәжібаев ауылында болуы мүмкін емес», – дейді Махамбет Жұмабаев есімді ауыл тұрғыны.

Абай Телжановтың құқығын қорғау үшін ауылдастары адвокатты Астанадан алдыртыпты. Елімізге танымал қорғаушы Елеусіз Тұрсынов тергеушілердің жұмысында шикілік көп екенін айтады. Істі тездетіп жаба салудың амалы жасалғанға ұқсайтынын жеткізді.

«Мен үкім шыққаннан кейін апеляциялық сотқа да, кассациялық сотқа да шағым жаздым. Жаңадан табылған куәгерлерім тыңдалған да жоқ. Қызылордалық соттардың әрекеті мен үшін түсініксіз. Тек бір адамның берген куәсіне қарап, адамды 6 жылға соттап жіберу деген түсініксіз жағдай. Бар үмітім жоғары сотта болып отыр. Мұндағылар әділетті орнатуға көмектеседі деп ойлаймын. Кінәсіз жан түрмеден босатылып шыққанша күресеміз», – дейді қорғаушы.

Қазіргі таңда жәбірленген оқушы қыз 6 сыныпта оқиды. Мектеп психологтары жасөспірімді өз қадағалауларына алған.

«Айыпты үкім шығарарда істі жан-жақты таразыладым. Жәбір көрген қыз күдіктіні танып тұр. Ең басты куәгер сол. Оның сөзіне сенбеуге еш негіз жоқ», – дейді сот төрағасы.

Қазір Абай Телжанов Ақтөбедегі абақтыда өз мерзімін өтеуде. Ал, туған жерінде жылап-еңіреп қалған анасы мен туыстары, ауылдастары көп ұзамай оның ақталып шығуын күтеді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

6
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Ия, Абай Телжанов жазыксыз. Оспанова Акнур отирик айтуыда абден мумкин. Себеби, Акнурдын айтуынша денеде катты тистелген тистин издери бар, ал Абайдын денесинде бул жаракат табылмаган. Мулдем айыптауга негиз жок. Жогаргы сот адил шешим шыгарады деп умиттенемин.

  • Жұмбақ жан says:

    Жазыксыз жан акталып шыгуы тиис. Жогаргы сот адил шешим шыгаратынына сенемиз.

  • Аноним says:

    Сот төрағасы 1 ғана адамның айтқан сөзіне қарап үкім шығара салған. Сөзден бөлек айғақ жоқ, факт қайда, мед.экспертиз қайда? Сот залына неге қорғаушы кіре алмаған? Адам сенетін жағдай емес қой бұл деген. Бүкіл ел біліп отыр айыпты емес. Жазықсыз жаза өтеу орынсыз. Жоғарғы сот ақ қарасын ажыратып әділ шешім шығарар деген сенімдемін.

  • Жұмбақ жан says:

    Әулетімізде болған осы бір келеңсіз оқиға өзегімізді өртеп барады. Біздің ашу-ыза кернеген жан айғайымызға құлақ салып тыңдайтын әділ шешімін айтатын заң орны бар ма ? Қызылора облысының заңынан кутпеген әділдікті жоғарғы заң орнынан күтеміз. Оқиға 22 маусым күні сағат 14:30да Тәжібаев ауылының сыртында болған. Әкесіне су мен нан апарып келе жатқан 3 қыз ұйықтап отырған масаң адамды көреді. 2кыз айналып өтіп кетеді, ал Оспанова Акнур масан адамды оятып, салемдеседі. Масаң адам жабысады, қолынан тістеп алып қашып кетеді. Кыз анасына келип айтады, баласына бөліп қарамайтын Аманжолова Кулимхан кызык сол жерге кайта жумсайды. Жаны ашитын ана неге озі бармайды, неге мас адамды устап алмайды. Барса сол жерде алі отыр екен. Тергеуші Даулет Ілиясов неге тергемейді, алакандай Тажібаев ауылының азаматтарын біртиндеп неге білегін ашып тексермеді. Жазыксыз жаннын не кінәсі бар. Өкініштісі Телжанов Абай Ортақшыл елді мекенінде болғанын далелдейтін куагерлер бар, бірақ сот залына ешкайсысын киргізбеді. Сот болмады неге не үшін 6 жылға кесілді. Тәжібаев ауылының учаскелік полициясы Базарбаев Баглан Телжанов Абайды ортакшыл елдімекенінен келе жатканын кореді. Кінәсіз екенін біле тұра апарын камады.

  • Жұмбақ жан says:

    мен Телжанов Абайды жаксы таним.соттын адылетсыз откенын былем.сот адыл шешым кабылдамады.Сот адыл шешым кабылдамаса,жазыксыз соттала беру керекпа?Алдагы уакытта жогаргы сот адыл шешым кабылдайт деп сенемын.

  • ауылдас says:

    Ортакшылда уй ремонттаган куни бойы, кешки автобуспен кайтып келген деид коршилери. Шиелинин полициялары исти тез жаба салган. Кайтадан ис козгалса полицейлер жумыстан шыгамыз деп коркып жатыр. Адвокат Шабаев 200 мын акшасымен корадагы ешкисин алып коргай алмады

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар