Қызықты зерттеу: Жарықта ұйықтау семіздікке алып келеді
Америкалық ғалымдар жарық деңгейі, зат алмасу мен аштық сезімі арасында байланыс бар екенін айтты. Олардың ойынша, түнгі уақытта ұйықтамайтын немесе жарықты жағып ұйықтайтындардың семіздікке шалдығу қаупі жоғары.

Сурет: mamainfo.com.ua
Ғалымдар дене индексі қалыпты адамдардың қатысуымен зерттеулер жүргізді. Зерттеуге қатысушыларды бірнеше топқа бөлді. Бір топ үлгі ретінде қалдырылды. Ондағы адамдар түнде қалыпты жарықта ұйықтады. Түнгі уақытта жарықты жағып демалған адамдарда зат алмасу үдерісінде олқылықтар байқалған. Оларда аштық сезімі пайда болған.
Тағы бір топ компьютер экранындағы жарықпен ұйықтаған. Түнгі уақыттағы жұмыстан кейін қатысушылардағы глюкоза деңгейімен проблема туындап, күні бойы ұйықтағысы келіп жүрген.
Зерттеу нәтижесінде ғалымдар денің сау әрі сұңғақ болғың келсе, жарықты өшіріп ұйықтау керек деген тұжырым жасады, деп жазады шетелдік БАҚ.
Жіберіп алмаңыз:
Ғалымдар ұйқының бұзылуы есте сақтау қабілетін төмендететінін айтты
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр