Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызықты деректер: Мысықтарды соғысқа не үшін пайдаланған (фото)

Соғыста иттердің болғаны көпшілікке белгілі. Ал, мысықтарды соғысқа не себепті пайдаланғанын білесіз бе?

Мысықтар соғысқа ең алғаш 2 жарым мың жыл бұрын пайдаланылған. Парсылар мен ежелгі египеттіктер арасындағы соғыс кезінде мысық әулие хайуанат саналған.

Ежелгі Мысырда мысық әулие хайуанат саналып, оны мәжбүрлі жағдайда өлтірген адамды да өлім жазасына кесетін болған.

Сондықтан да парсылар мысықты соғысқа пайдаланды. Камбиз патшаның әскеріне қарсы шығу кезінде жауынгерлер қолына мысық көтеріп жүрген. Египеттіктер мысықты жаралап алмас үшін қарсы күш қолдана алмады. Осылайша парсылар оңай жолмен алға жылжи бастады.

Ал 100 жылдан соң Геродот өрт кезінде ешкімнің отты сөндіруге талпынбағанын, көпшілік мысықтарды құтқаруға тырысқанын айтты.

І дүниежүзілік соғыс кезінде мысықтарды окоптарда ұстаған. Мысық газды жарылыс болатынын алдын ала сездірген. Ал, ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде мысықтарды қайықтарда алып жүрген.

Тағы да оқыңыз:

Басқа кітап үстімен емін-еркін жүрген мысық мәжбүрлесе де Құранды баспай қойды (видео)

Мысыққа ұқсап туған мутант-бала жұртты шошытты (фото, видео)

Ғалымдар үйде мысық асыраудың көптеген пайдасын анықтады

Талқылау