Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызы анасын құтқару үшін пойыздың астына секіріп, ажал құша жаздады

АҚШ-тың Джордания штатындағы Атланта қаласында 28  жастағы қыз анасын құтқару үшін жүріп келе жатқан пойыздың рельсіне секірді, деп жазады Stan.kz.

Қызы анасын құтқару үшін пойыздың астына секіріп, ажал құша жаздады

Сью Венсзелл басқа қаланың тұрғыны. Ол қызымен бірге Атлантаны  көруге келген. Метрода әйелге бейтаныс ер адам күтпеген жерден шабуыл жасап, оны платформадан итеріп жіберді. Ал, әйел рельске құлаған кезде басын ұрып алып, есінен танып қалған.

Сол кезде оның жанында болған 28 жасар қызы Венсзелл Кэти анасының артынан секіріп, оны құтқармақшы болды. Ол анасын жолдан алып үлгерменімен, бірақ қауіпсіз жерге шыға алмай  пойыздың астына түсті. Екі әйел де ауыр жарақат алды, бірақ екеуі де аман-есен.

«Егер Кэти рельске секірмесе,о нда Сью біздің жанымызда отырмас еді», – дейді қыздың әкесі.

Қыздың анасының миы шайқалып, сүйектері сынып ауруханаға жатқызылды. Оған медициналық көмек көрсетілгеннен кейін көп ұзамай ауруханадан шығарылды. Бірақ, анасын құтқарған қыз көп зардап шекті. Оның бас миы ісініп табанының бір бөлігі кесіліп, иығының сіңірі үзілген. Сонымен қатар, оған қалпына келтіретін пластикалық ота жасалды. Анасын құтқарамын деп, өзі де жазым болған бойжеткен әлі де ауруханада ауыр жағдайда жатыр.

Кейіннен әйелді пойыз жолына итеріп жіберген ер адам ұсталды. Бірақ, полицейлер ол өзіне қойылған сұрақтарды түсінбейді, оның ақыл-есі кем болуы мүмкін дейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау