Қызғанатын ештеңе жоқ: Фильмдегі актриса Төреғалидің жарына жауап берді

Төреғали Төреәлі фильмін жарыққа шығармас бұрын ең алдымен, отбасы мүшелеріне көрсеткен. Сол сәтте жұбайы Толқын Төрешті фильмдегі актрисадан қызғанып қалған көрінеді. Бұл туралы Төреғали бір сұхбатында айтқан болатын.

Қызғанатын ештеңе жоқ: Фильмдегі актриса Төреғалидің жарына жауап берді

Алайда “Ұлы дала комедиясы” фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Мәдина Оспан қызғануға негіз жоқ деп отыр. Бұл туралы Мәдина Оспан 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

“Жоқ, ондай сахналар болған жоқ. Кішігірім көрсетіп өтеміз, ашық емес. Енді оның бір еркелетіп айтқан сөзінің өзі – махаббат. Біздің Қазақстанда қатты ондай сахналар жасамаймыз ғой, менталитетімізге сай емес. Әйелі болып ойнағаннан кейін сондай сезім туған шығар ол кісіде (ред. Төреғалидің жары). Бірақ біз жұмыста әріптеспіз, өмірде ағам”, – деп түсіндірді Мәдина Оспан.

22 жастағы бойжеткен бүгінде басының бос екенін айтады. Ол Төреғалидің жары Толқынмен шынайы өмірде таныс емес екен.

“Бетпе-бет таныс емеспін. Бұл – менің мамандығым. Онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Жай қарапайым қыздың образы, сондықтан қызғанатын ештеңе жоқ”, – дейді жас актриса.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар