Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызға сөз айта алмайтын 30 жастағы жігітке әпкесі жар іздеп жүр

Жасы 30-ға келсе де, әлі күнге дейін үйленбеген інісі үшін алаңдап жүрген ШҚО тұрғыны жұрттан көмек сұрады. Айтуынша, 1987 жылы туған інісі мұғалім болып жұмыс істейді, өзі жоғары білімді маман. Ата-анасымен ауылда тұрады, алайда қыз көнбесе қалада ешқандай қарызсын алынған пәтері бар.

stesn

Бұл туралы «Үшбу хат» парақшасында жазылды.

«Сәлеметсіздер ме! Менің 87 жылғы нағашы бауырым бар. Өзі мектепте мұғалім, жоо бітірген. Сабырлы, мейірімді, жанашыр, ақылды… Айта берсең жақсы қасиеттері өте көп. Бірақ əлі күнге дейін үйленбей жүр. Үйленбей жүрген себебі қызға сөз сала алмауында. Өте ұялшақ. Қыз алдында сөз айта алмай қатты ұялады.

Бойы орташа, реңі ашық, яғни сары бала көздері көкшілдеу, сүйегі ұсақтау жіңішке. Ата-анасы əупектеп əлсіздеу ғылып қойған болар деп ойлаймын. Ақшасын орынды ұстайды, əке-шешесі болашақта керемет көмек көрсете алатын адамдар. Ол кісілер өте балажан адамдар. Бауырым ата-анасымен ауылда тұрып, ауылда жұмыс жасайды, бірақ Өскемен қаласында пəтері бар, кредитсіз алынған. Қазір жалға беріп қойған. Қалыңдық ауылда тұрмаймын десе қалада да тұра алады дегенім ғой. Сонымен сол бауырыма биязы, ата-анасын сыйлайтын, жұбайын сыйлайтын, пысық, тəрбиелі келін іздейміз. Бауырым қызға сөз айта алмайды дегенім естеріңізде шығар, сондықтан қыз ақылмен өзі сөйлесіп, ақырын үйлесіп, үйренісіп кететін пысық қыз болса деймін. Өйткені қалай көрсек те өзі жуас. Сөйлеп ақ тұр бірақ қыз алдында қатты ұялады. Жасы да өтіп барады сондықтан ұзын сөздің қысқасы ақылмен өзі айландырып алатындай қыз керек. Шығыс Қазақстаннан. Найман. Бізде келіндерді ханшайымдай сыйлайды! Whatsapp 87053092413», – деп жазады есімін атамауды жөн көрген әйел.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкенттік қыз айына ақша салуды талап ететін ауылдағы ата-анасына ренжіді

Заңгер: Оғыз Доған «Эйр Астананы» сотқа берсе жеңуіне кепілмін

Балқашта зорланған қыздың құрбысы осы іске қатысы бар деп айыпталып жатыр

Шымкентте Тоқтар Төлешовтің отбасынан алынған коттедждерден мектеп ашады

Талқылау