Қыздың құлағын не себепті тесетінін білесіз бе

Жұма, 7 Қазан , 2016 9:40

Өзге ұлтқа қарағанда біздің қазақ қыздарының құлағын тесіп, сырға салуы міндетті секілді көрінеді. Ал, біз осы қарапайым өмірде қыздың құлағын не үшін тесетініне үңіліп көрдік пе? Жалпы, қазақ аруларының құлағын қай жаста тескен, сырға салып қоюдың не мəні бар?

b521f9865dd4f006b0d32fdb52f588021e5455ce

Фото: comode.kz

Құлағында сыңғырлаған сырғасы бар сұлулардың одан сайын көріктене түсері белгілі. Сырғалы сұлуларға қарап ақындар өлең арнаса, сазгерлер сырлы əн шығарғаны қаншама, деп жазады Ақмешіт апталығы газеті.

Ал, біз осы қарапайым өмірде қыздың құлағын не үшін тесетініне үңіліп көрдік пе? Жалпы, қазақ аруларының құлағын қай жаста тескен, сырға салып қоюдың не мəні бар? Бұл жөнінде қала тұрғыны, көпті көрген əжеміз Клара Үсенова əжеміздің айтары бар.

– Қазақта қыз баланың өміріндегі айтулы күні ол – құлағын тесу. Тоғыз жасты балиғатқа толған кез деп айтады. Ал, жеті – қазақ үшін қасиетті санның бірі. Қыздың құлағын көп жағдайда тек жеті жасынан бастап тескен. Тұлымшағы желбіреген кішкентай қыз осы жасқа дейін қуыршақ ойнаған болса, құлағын тескеннен кейін оның мінез-құлқы бірден өзгереді. Осыдан бастап «сен енді сырғалы қыз болдың», «сырға таққан соң қыз санатына қосылдың, саған қуыршақ ойнау жараспайды» деп оның құлағына анасы, жеңгелері жайлап айта береді. Содан бастап оған үлкендері қуыршақтың орнынан қолына кесте тоқумен, ою оюды үйретуге бейімдей бастайды. Жеңгелерінің қазан-ошақ жақтағы істерін көретін болады. Бір жағынан қыз баланың құлағын тек сәндік үшін, әдемілікке бола теспейді. Бұл да – тəрбиенің бір түрі. Мұны ол ертеңгі күні келін болуға дайындаудың алғашқы баспалдағы деп қарау керек. «Құлақ тесерде алдымен сырғалығының екі жағынан екі тарыны сəйкестендіре қойып, жанын кетіре уқалайды. Содан кейін ғана отқа қыздырылып, əбден тазаланған инемен тескен», – дейді Клара əжей. Кейіпкеріміздің айтқанын тыңдап отырған сəтте өзімнің балалық шағым еріксіз еске түсті.

Расында да бала кезінде əрбір қыз бойжетіп, сырға тағуды арман етеді. Құлақты тестіргенше асыға түсесің. Анам менің құлағымды тесерде алдын ала дайындап, алдына алып, уқалай отырып, инемен тескенін білемін. Одан кейін бірден сырға тағуға болмайды деп жіп өткізіп қойды. Оны арасында майлап қоятынбыз. Жанымызға батып ауырса да, соның өзі қызық көрінетін. Əбден жазылған соң əжелеріміз немересінің құлағына күмістен жасалған сырғаны салғанды жөн көрген.

Күміс – өте таза əрі емдік қасиеті мол металл. Ондай сырға таққан баланың құлағы ешқашан асқынып кетпеген, ауырмаған əрі құлақ күміске үйренген соң, алтынға да тез бейімделеді. Ал, қазіргі құлақ тесу дегеніңіз қиын емес. Кез келген жерде арнайы аппаратпен əп-сəтте тестіруге болады. Содан соң, сырға тағып, жүре береді. Соның əсерінен болса керек, кейінгі кезде бір құлақтың өзінен бір емес бірнеше тесікті көре аламыз. Бір құлақта 2-3 сырға. Мұны қазіргі жастардың тілімен айтқанда сəнге жатады. Кейінгі кездері байлық па, барлық па, мақтаншақтық па, даңғазалық па, əйтеуір, бір-екі жасар қыздың құлағын тесіп, күміс емес, алтын немесе гауһар тасты бар қымбат сырға салғандарды көріп жүрміз. Бұл мəселеге Клара əжеміз мүлдем қарсы екендігін білдірді.

– Өз басым 2-3 жасар титімдей қыздардың құлағының тесілгенін көргенде біртүрлі күйде боламын. Кейбіреулер бұған аса қатты мəн беріп қарамайтын да шығар. Бірақ, менің жүрегім ауырады. Себебі, бала балалықтан өтуі керек деп ойлаймын. Əр нəрсенің өз жолы болады, кез келген нəрсенің өз уақытымен жасалғаны дұрыс. Құлақ тесуде де тəрбие, мəн бар. Сондықтан оған салғырт қарауға болмайды, – дейді кейіпкеріміз. Тəрбие демекші, «Қызға қырық үйден тыйым» деген сөз қыз баланың құлағын тесіп, сырға салғанынан басталады. Қыз – қырық үйден, қала берді қара күңнен де бір өнеге, бір үлгілі нəрсе үйрену дегенді біл діреді. Осыған дейін тұлымшағы желбіреп жүргенде оны баласынып ешкім елемеуі мүмкін.

Ал, құлағын тескен соң, үстіне көйлек-камзол кигізіп, шашын өріп қойғаннан кейін оны бойжеткен болды деп есептеп, үлкендер жағы əрқайсысы өзінің бір өнегесін үйретуге тырысады. Əйткенмен, əлі де болса, қыз тəрбиесіне мəн бермей келеміз. Көп ата-ана тəрбие тізгінін босатып алғандай. Олардың ертеңгі ана екенін естен шығарып жүрген сыңайлы. Ал, біздің ата-бабамыз балалық дəурені өтісімен қызға дұрыс тəрбие беруді қолға алған. Күні ертең келін болып түскен жерінде ата-анасына, ауылына сөз келтірмеуін алдын ала ойлаған. Себебі, қыз – аз күнгі қонақ…

Ақтолқын Сейтжаппар

Жіберіп алмаңыз:

Британдық азамат жағалаудан тапқан су перісінің суреттерін желіге жариялады (фото)

Үндістанда екі басты сәби дүниеге келді

Үнді жігіттің 18 жыл бойы жасырып келген 18 сантиметрлік құйрығын кесіп алып тастады (видео)

Алаяқтардың құрығына түсіп қалмау үшін банк картасын қалай пайдалану керек

Италияда қылмыс әлемінің белді өкілі өз үйіндегі шкафта бес жыл жасырынған

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Тағыда себебі барго толық есімде жоқ бір əйел баска əйелді жазалау үшін оны өлтірмек болама осындай бирнарсе сосын құдайға ант етемін деп сосын ана айел туралы ойы дұрыс болмаганын білгеннен кейін ант бердім бірнпрсе жасау керекпін деп түнде пен айелдің құлагын тесіп кетет

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар