Қызанақ қандай дерттерге дауа екенін білесіз бе?

Жексенбі, 17 Шілде , 2016 10:17

Жаз мезгілінде сүйіп жейтін көкөністердің бірі – қызанақтың пайдасы жайлы біліп жүріңіздер.

томат

Бұл туралы “Анабол” сайты жазды.

Қызанақтың құрамы В1, В2, В5, В6 және А, Е, С сияқты дәрумендерге бай. Қызанақты үнемі пайдалана отырып, иммундық жүйені нығайтып, жүрек қызметін жақсартып, ас қорытуды реттеп, холестеринді азайтуға болады.

Қызанақ қандай ауруларды емдеуге қауқарлы?
Псориаз, экзема сияқты түрлі тері аурулары кезінде күніне қызанақтың, кем дегенде, бір жемісін жеу ұсынылады. Содан кейін теріде оң өзгеріс болады. Айтпақшы, қызанақ түрлі маскалар жасауға да тиімді.
Қышқылдылығы төмен гастрит және асқазан жарасы кезінде күнде жаңа піскен қызанақ шырынын тұз қоспай ішуге болады. Оны күніне үш рет, жарты стақаннан тамақтан кейін қолдану қажет. Емдеу курсы екі аптаға созылады.
Жаңа піскен қызанақ рационыңызға енгізілген болса, депрессия және нашар көңіл күйді оңай еңсеруге болады. Қызанақтың құрамында серотонин, яғни бақыт гормоны бар. Осы гормон жеткілікті мөлшерде бөлінбеген жағдайда адам депрессиялық жағдайға тез түседі. Сондықтан қызанақ жүкті әйелдер үшін өте пайдалы.

Қызанақ катарактаның алдын алады
Егер қызанақты сүйіп жесеңіз, көзіңіз жастың ұлғаюымен пайда болатын катарактадан қорғалады. Өйткені қызанақтың құрамында В2, рибофлавин дәрумендері бар. Ал арнайы зерттеу жүргізген мамандар бұл дәрумендерді қолданатын адамдар көз ауруының осы түрінен зардап шекпейтіндеріне көз жеткізген.
Қызанақтың құрамында бето-каротиннің көп болуына байланысты қызанақты тағамдарды жиі қолданатындар көздерінің өткірлігімен мақтана алады.

Күнделікті тағам ретінде қолданып жүрген қызанақтың пайдасы мол екенін енді біліп жүресіз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Керемет ! Енді огородымнан күнде қызанақ жеймін.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар