Қыз зорлады деп айыпталған алматылық жігіттің жүрегі тоқтап көз жұмды
Қайғылы оқиға алматылық отбасының бірінде болды. Отағасы 10 шілде күні ақталып бостандыққа шықты. Жәбіренуші тарап сот үкімімен келіспей қайта шағымданған шақа айыпталушы қайтыс болды.
Ер адам 2017 жылы 13 жастағы туыс қызын зорлады деп айыпталды. Келесі күні қыз әпкесінің күйеуін көндіргенін мойындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алайда іс сотқа кетіп қалғандықтан мемлекеттік айыптаушылар оны 15 жылға соттауды сұрады. сот ер адамның кінәсіздігін анықтап, еркіндікке жіюберді. Алайда мемлекеттік айыптаушылар бұған келіспей, прокурор аппеляциялық шағым түсірді.
Аппеляцялық сот 5 қыркүйекке қойылды. Кейін 12 қыркйекке ауысты. Алайда айыпталушының жүрегі шыдамай көз жұмды.
“Әйелінің айтуынша, ол көп уайымдаған. 10 айды түрмеде өткізді. Түнде жүрегі қатты ауырды”, – дейді әйелі.
Ер адамның өліміні инфаркт алуы себеп болды. Әйелі оның өліміне сот-медициналық сарапшылардың қорытындысы, қыздың сөзінен айнығанын дер кезінде қабылдамаған тергеушінің ісі, сот ақтағанымен қайта қаралғаны себеп болды деп отыр. Өзі де жүкті болып, кейін баласынан айырылып қалған. Енді осының бәріне жауаптыларды жазаға тартуды қалайды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.