Қыз ұзата бастаған Гүлзира Айдарбекова жұрттың қызу талқысына түсті (видео)

Жұлдызды көпке таныстырған соң, Гүлзира Айдарбекова келінімен бірге қыз ұзатқан еді. Алайда мұндай қадамға туысының өтінішімен барғанын айтып ақталған-ды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

“Әнші емеспін, әншінің продюсерімін, біразыңыз әнші болмай-ақ қой деп ауыр сөздер де жазуларыңыз мүмкін”, – деп даудың алдын алған еді Қайрат Нұртастың анасы.

Бұдан кейін Гүлзира Айдарбековаға ән шырқау ұнап қалған секілді. Ол жары Нұртас Айдарбековпен, кейін ұлы Қайратпен де ән айтты. Енді Гүлзира Үсенқызы қыз ұзатуға кірісті.

Күні кеше ол туған жері Түркістан қаласында тойға қатысып, қатарынан бірнеше бойжеткенді ұясынан ұшырды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Барлық үйде осындай той болсын!✊

Публикация от (@kair_77)


Желі қолданушылары Айдарбекованың бұл бастамасына сан түрлі пікірлерін білдіріп жатыр. Олардың бірі продюсерді “даусы жоқ” деп сынға алса, екіншілері көпке үлгі болатын отанасының қыз ұзатқанын жөн деп тауып, мақтау сөздерін асырды.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар