Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыз бен жігіт бірге болуына қарсы болған әкесін өлтіріп тастады

Жас жігіт сүйіктісінің әкесін атып өлтірді. Бұл ылмысты сүйіктісі екеуі бірлесіп жасаған.

17 жастағы Эвелин Гаинсе мен 18 жастағы Демару Турруэлласуға 63 жастағы Эвелио Гаинсені өлтірді деген айып тағылды.

24 қыркүйек күні бойжеткен әкесінің Mercedes көлігін алып, сүйіктісімен бірге қыдырады. Үйіне қайтып келген соң Турруэллас пистолетін алып, жоғары қабатқа көтеріледі де, Эвелио Гаинсаны атып тастайды. Жеткіншек қыз бен жігіт мәйітті ванна бөлмесіне апарып, бірнеше орамал мен көрпеге орап тастаған. Ағартқыш құралдың көмегімен қан ізін кетіреді. Кейін екеуі үйден шығып кетіп қалады.

Әкесін сұрағандарға оның Кубаға кетіп қалғанын айтады.
Ер адамның денесі 27 қыркүйек күні туысы полицияға хабарласқан соң табылды. Полицейлер қыз бен жігітті ұстады. Олар кінәсін мойындады.

Жігіт адам өлтіру ісі бойынша айыпталды. Ал, қызға қылмысты жасырды деген бап бойынша істі болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау