Қытайлық жігіт сүйіктісіне 33 тонналық тас тарту етіп, ұсыныс жасады
Үрімші тұрғыны өзі көңіл қосқалы жүрген қызына бұрын-соңды болмаған ерекше тарту жасады. Өзінің қызға үйленгісі келетінін білдіріп, оған бұл ұсынысын білдіргісі келген жігіт оған салмағы 33 тонна тартатын қара тасты сыйлады.

PeopleChina хабарлауынша, болашақ күйеу бұл тасты қызымен ел аралап жүріп, бір коллекционерден көріп қалған. Артынша ол бір өзі барып, оны коллекционерден 160 мың АҚШ долларына сатып алыпты. Жігіттің айтуынша, коллекционер бұл «жай тас емес, метеорит» депті. Жігіттің тосын сыйлығы көңілінен шықпаса да, қыз оған тұрмысқа шығуға келісімін берген екен. Айта кету керек, бастапқыда болашақ отағасы қызға үйлену тойының сыйлығы ретінде пәтер алып бермек болған.
Жіберіп алмаңыз:
Ұшақ жолаушысының құлаққабы жарылып кетті
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті
Исмаиль: “Бір бұқаның құны 900 мың теңге"
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев